jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жаңа жылға оливье: әйгілі мерекелік салаттың ең дәмді рецебі

    Әйгілі оливье салаты. Скриншот
    Әйгілі оливье салаты. Скриншот: YouTube/ Ольга Матвей

    Оливье — жаңа жылдық мерекелік дастарханның ең басты салаты. Көпшілік әйгілі салатты әзірлеудің классикалық үлгісін білсе де, оны бұрынғыдан да дәмді етіп әзірлеудің жолын біле бермейді. Назарларыңызға танымал салатты даярлаудың ең оңай әрі дәмді жолын ұсынамыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Оливье салатының дайындау әдісі ұсынылады, оның негізгі ингредиенттері - тауық еті, картоп, сәбіз, жұмыртқа, қияр және консервіленген бұршақ.
    • Салатты дайындау үшін алдымен көкөністерді пісіріп, суытып алу керек, содан кейін барлық ингредиенттерді ұсақтап турау қажет.
    • Бұл рецепт оливье салатын классикалық нұсқадан да дәмдірек етіп дайындауға мүмкіндік береді.

    Сипаттамасы

    Асхана: орыс

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 30 минут

    Құрамы

    Жұмыртқа - 3 дана

    Қияр - 1 дана

    Сәбіз - 1 дана

    Майонез - 4 ас қасық

    Пияз - 1 дана

    Тауықтың төс еті - 1 дана

    Картоп - 4 дана

    Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

    Тұздалған қияр - 5 дана

    Консервідегі ас бұршақ - 400 г

    Дайындалуы

    1. Көкөністер мен жұмыртқаны пісіреміз

    Көкөністер мен жұмыртқаны пісіреміз. Скриншот
    Көкөністер мен жұмыртқаны пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Ольга Матвей

    Шұңғыл ыдысқа су құйып, картоп пен сәбізді салып, аздап тұз сеуіп, көкөністерді пісіріп аламыз. Сосын тауықтың төс еті мен жұмыртқаны пісіреміз. Барлығын суытып аламыз.

    2. Барлығын ұсақтап тураймыз

    Көкөністерді тураймыз. Скриншот
    Көкөністерді тураймыз. Скриншот: YouTube/ Ольга Матвей

    Салаттың барлық құрамын бірдей етіп турау қажет. Алдымен көкөністердің қабығын аршып, кішкентай шаршы түрінде тураймыз. Сосын жұмыртқаның қабығын аршып, турап, көкөністерге қосамыз. Пияз бен қиярдың қабығын аршып, ұсақтап тураймыз. Дәл осындай мөлшерде тұздалған қияр мен тауықтың төс етін тураймыз. Барлығын көкөністерге қосамыз.

    3. Ас бұршақты қосып, майонезбен араластырамыз

    Ас бұршақ қосып, араластырамыз. Скриншот
    Ас бұршақ қосып, араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Ольга Матвей

    Конверсіленген ас бұршақты ашып, суын төгіп тастаймыз. Бұршақты салатқа қосып, дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосамыз. Сосын майонез қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Сонымен дәмі ерекше болып шығатын, классикалық үлгіге қарағанда құрамында айырмашылығы бар әйгілі оливье салаты дайын болып шығады.

    Жаңа жылға оливье: әйгілі мерекелік салаттың ең дәмді рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.