jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Анаргүл Құдайбергеновадан тәтті рулет рецебі

    Сәбіз рулеті. Көрнекі сурет
    Сәбіз рулеті. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Сәбіз рулеті - кез келген қонағыңыздың көңілінен шығып, дастарханыңыздың сәнін келтіретін десерт болып саналады. Үй жағдайында оңай әрі тез жасалатын рулеттің рецебімен бүгінгі материалда таныс боласыздар.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Анаргүл Құдайбергенова сәбіз рулетінің рецебін ұсынады, ол үй жағдайында оңай және тез дайындалатын десерт.
    • Рулет дайындау үшін сәбіз, жұмыртқа, қант, май, ұн және басқа да ингредиенттер қолданылады.
    • Рецепт қамыр дайындаудан, оны пісіруден, крем жасаудан және рулетті жинаудан тұрады, соңында тоңазытқышта бір сағат ұсталады.

    Сәбізден жасалатын ерекше тәттінің рецебімен белгілі фудблогер Анаргүл Құдайбергенова таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы сынды көптеген тағамның рецебін көре аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 30 минут

    Құрамы

    Жұмыртқа - 3 дана

    Қант - 0,5 стакан

    Сұйық май - 0,5 стакан

    Cәбіз - 1 дана

    Ұн - 130 г

    Жүгері крахмалы - 2 ас қасық

    Қопсытқыш - мөлшеріне қарай

    Даршын - қалауыңызша

    Тұз - дәміне қарай

    Қаймақ - 180 г

    Қант - дәміне қарай

    Дайындалуы

    1. Сәбізді үккіштен өткіземіз

    Сәбізді үккіштен өткіземіз. Скриншот
    Сәбізді үккіштен өткіземіз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Шикі сәбіздің сыртын жуып, қабығын тазартамыз. Сосын жалпақ тәрелкеге үккіштен өткізіп, дайындап аламыз.

    2. Жұмыртқаны қантпен араластырамыз

    Жұмыртқаны қант, сұйық маймен араластырамыз. Скриншот
    Жұмыртқаны қант, сұйық маймен араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Шұңғыл ыдысқа үш жұмыртқаны жарамыз. Үстінен сұйық май мен қантты саламыз. Сосын сәбізді қосамыз. Барлығын блендермен жақсылап еземіз.

    3. Құрғақ құрамды қосамыз

    Ұн қосамыз. Скриншот
    Ұн қосамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Дайын болған массаға ұн, қопсытқыш, жүгері крахмалы, тұз бен даршынды қосып, біртекті консистенция жасап аламыз.

    4. Қамырды пісіреміз

    Қамырды пісіреміз. Скриншот
    Қамырды пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Противеньге пергамент қағазын төсейміз. Сосын қамырды біркелкі етір жаямыз. Осылайша, алдын ала 180 градуста қызып тұрған пешке салып, 10-15 минут пісіреміз. Піскен коржды алып, ыстық күйінде орамалға орап, рулет пішінді етеміз.

    5. Крем дайындаймыз

    Крем дайындаймыз. Скриншот
    Крем дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Қаймақты шұңғылы ыдысқа салып, үстінен қант қосамыз. Жақсылап араластырамыз. Дайын болған кремді тоңазытқышқа жарты сағатқа қойып, суытамыз.

    6. Рулетті жинаймыз

    Рулетті жинаймыз. Скриншот
    Рулетті жинаймыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Кремді рулетке жағып, орама етіп жинаймыз. Сосын бетін қалауыңызша әсемдеп, жаңғақ сепсеңіз болады. Дайын болған рулетті тоңазытқышта бір сағатқа қойып, кейін қонақтарыңызға ұсынсаңыз болады.

    Анаргүл Құдайбергеновадан тәтті рулет рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.