jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Жұмсақ наггетстер: Риза Нұрланқызынан ерекше рецепт

    Тауық етінен дайын болған наггестер. Көрнекі сурет
    Тауық етінен дайын болған наггестер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Тауық етінен оңай әрі тез жасалатын наггетстерді ұнатасыз ба? Дәмді тіскебасардың рецебін бүгінгі материалда бөлісетін боламыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Риза Нұрланқызы жаңа жылдық дастарханға арналған жұмсақ тауық наггетстерінің рецептін ұсынады.
    • Наггетстерді дайындау үшін тауықтың төс етін, ұн, жұмыртқа және ұсақталған қатқан нан қолданылады.
    • Дайындау процесі етті турау, тұздау, ұнға, жұмыртқаға және нан түйіршіктеріне аунату, содан кейін қуырудан тұрады.

    Дәмді әрі нәрлі наггестердің рецебін белгілі фудблогер Риза Нұрланқызы таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы және өзге тағамдардың рецебімен танысуға болады.

    Сипаттамасы

    Асхана: Америка

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 15 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Тауықтың төс еті - 700-800 г

    Тұз - дәміне қарай

    Ұн - 4-5 ас қасық

    Жұмыртқа - 2-3 дана

    Ұсақталған қатқан нан - қалауыңызша

    Өсімдік майы - қалауыңызша

    Дайындалуы

    1. Тауықтың төс етін тураймыз

    Тауықтың төс етін тураймыз. Скриншот
    Тауықтың төс етін тураймыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Тауықтың төс етін наггетстердің пішініндей етіп тураймыз. Наггестерді ұсақ немесе ірі етіп, қалауыңызша турасаңыз болады. Cосын етке дәміне қарай тұз қосып, сіңдіруге аздаған уақытқа қойып қоямыз.

    2. Наггетстерге арналған қоспаларды дайындаймыз

    Наггетске арналған қоспаларды дайындаймыз. Скриншот
    Наггетске арналған қоспаларды дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Алдымен ұнды тәрелкеге салып, дайындар қоямыз. Сосын оған ысталған паприканы аздап сеуіп, екеуін жақсылап араластырамыз. Сосын жеке тәрелкеге үш жұмыртқаны жарып, араластырамыз. Сол сияқты үшінші тәрелкеге ұсақталған қатты нанды сеуіп, барлығын дайындап қоямыз.

    3. Етті ұнға аунатамыз

    Етті ұнға аунатамыз. Скриншот
    Етті ұнға аунатамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Тұзы сіңген тауықтың төс етін алдымен ұнға аунатамыз. Ол үшін етті екі жақ бетімен ұнға аунатып, ұнның етке әбден сіңгенін бақылаймыз. Себебі ұн етке жақсы сіңген сайын, ет соғұрлым жұмсақ әрі нәрлі бола түседі.

    4. Етті жұмыртқа мен қатырылған нан түйіршіктеріне аунатамыз

    Етті жұмыртқа мен қатырылған нан түйіршіктеріне аунатамыз. Скриншот
    Етті жұмыртқа мен қатырылған нан түйіршіктеріне аунатамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Етті алдымен жұмыртқаға, кейін қатырылған нан түйіршіктеріне жақсылап аунатып аламыз. Наггестер қытырлақ болып шығуы үшін, қатқан нан түйіршіктеріне әбден аунатқан абзал.

    5. Наггестерді қуырамыз

    Наггестерді қуырамыз. Скриншот
    Наггестерді қуырамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

    Дайын болған наггестерді орташа отта, қыздырылған өсімдік майы бар табаға салып, екі жағынан, екі жақ беті сарғайғанша қуырамыз. Қуырылған наггестер тез сууы үшін арнайы темір торға саламыз. Осылайша, тез әрі оңай жасалатын наггестер дайын болып шығады.

    Жұмсақ наггетстер: Риза Нұрланқызынан ерекше рецепт

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.