jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Шоколадты бисквит: Риза Нұрланқызынан үлпілдек бисквит пісірудің қыр-сыры

    Дайын болған шоколадты бисквит. Көрнекі сурет
    Дайын болған шоколадты бисквит. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шоколадты бисквит - шай дастарханына арналған таптырмас десерт. Оны үй жағдайында оңай әрі тез даярлауға болады. Бүгінгі материалда шоколадты бисквит әзірлеудің ерекше әдісін ұсынамыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Танымал фудблогер Риза Нұрланқызы шоколадты бисквит дайындаудың ерекше әдісін ұсынады.
    • Бисквит дайындау үшін ұн, какао, қопсытқыш, сүт, өсімдік майы, қант және жұмыртқа қолданылады.
    • Бисквитті дайындау процесі бес кезеңнен тұрады: құрғақ ингредиенттерді араластыру, сұйық құрамдас бөліктерді дайындау, жұмыртқаны өңдеу, барлық құрамдас бөліктерді біріктіру және пісіру.

    Шоколадты бисквит әзірлеудің ерекше рецебімен танымал фудблогер Риза Нұрланқызы таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы сынды өзге де дәмді десерттер мен тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 40-45 минут

    Құрамы

    Ұн - 250 г

    Какао - 55 г

    Қопсытқыш - 18 г

    Сүт - 135 мл

    Өсімдік майы - 135 мл

    Қант - 230 г

    Жұмыртқа С1 - 7 дана

    Дайындалуы

    1. Қамырдың құрғақ ингридиеттерін дайындаймыз

    Қамырдың құрғақ құрамын дайындаймыз. Көрнекі сурет
    Қамырдың құрғақ құрамын дайындаймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шұңғыл ыдысты алып, алдымен електен өткен ұнды саламыз. Сосын какао қосамыз. 18 г мөлшерде қопсытқыш қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

    2. Cүт пен сұйық майды араластырамыз

    Бөлме температурасындағы сүт. Көрнекі сурет
    Бөлме температурасындағы сүт. Көрнекі сурет: pixabay.com

    135 мл бөлме температурасындағы сүтті шұңғыл ыдысқа құямыз. Сосын қантты өлшеп, сүтке қосамыз. Үстіне өсімдік майын қосамыз.

    3. Жұмыртқаның сарысы мен ақуызын бөлеміз

    Жұмыртқаның ағы мен сарысын ажыратамыз. Көрнекі сурет
    Жұмыртқаның ағы мен сарысын ажыратамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Бөлме температурасындағы жеті жұмыртқаның сарысы мен ақуызын ажыратамыз. Жұмыртқаның сарысын сүтке қоссақ, ағын құрғақ ыдысқа бөлек жинаймыз. Ақуызға шым-шым тұз қосып, әбден үлпілдеп, көтерілгенше миксермен араластырамыз. Миксермен араластыру барысында біртіндеп қант салып отырамыз. Ақуыз қатып қалмауы үшін, оның консистенциясы қаймақ тәрізді болуын қадағалаймыз.

    4. Сұйық және қою құрамды араластырамыз

    Қамырдың құрғақ және қою құрамын араластырамыз. Көрнекі сурет
    Қамырдың құрғақ және қою құрамын араластырамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ақуыздың төрттен бір бөлігін бөлек ыдысқа салып аламыз. Оған құрғақ құрамды електен өткізіп салып, барлығын жақсылап араластырамыз. Дәл осылай ақуыздың қалған бөлігін біртіндеп құрғақ құраммен араластырып, какаоның толығымен араласуын қадағалаймыз. Араластыру барысында ақуыз үлпілдек қалпын сақтау үшін, венчикті төменнен жоғары қарай араластырып отырамыз.

    5. Қамырды пешке қойып, пісіреміз

    Қамырды пісіреміз. Көрнекі сурет
    Қамырды пісіреміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Пешті 170 градуста алдын ала қыздырып қоямыз. Противеньге пергамент қағазын төсеп, 22 см қалыпты қоямыз. Ішіне бисквит қамырын құямыз. Сөйтіп 170 градуста 40-45 минут пісіріп аламыз. Піскен бисквитті шпажкамен тексереміз, сосын жарты сағатқа төңкеріп қоямыз. Жарты сағаттан кейін бисквиттің бетін ас пленкасымен жауып, бір түнге тоңазытқышқа қоямыз. Сонда бисквит үгітілмейтін, қамыры мығым болып шығады. Осылайша, мұндай бисквитке қалаған креміңізді дайындап, дастарханға ұсынсаңыз болады.

    Шоколадты бисквит: Риза Нұрланқызынан үлпілдек бисквит пісірудің қыр-сыры

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.