jitsu gif
Тағам

    Тунец қосылған бутерброд: құнарлы әрі пайдалы таңғы ас рецебі

    Тунец балығы қосылған таңғы ас. Көрнекі сурет
    Тунец балығы қосылған таңғы ас. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Тунец балығы қосылған сэндвич - құнарлы әрі пайдалы таңғы астың бірі болып саналады. Балық крем қосылған көкөністермен керемет үйлесім табады. Бүгінгі рецептте денсаулыққа пайдалы әрі өте пайдалы таңғы астың рецебімен бөлісетін боламыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Мақалада тунец балығы мен көкөністер қосылған құнарлы сэндвич рецепті сипатталған.
    • Рецептте бидай наны, лимон шырыны, сельдерей, қызыл пияз, аскөк, йогурт және консервіленген тунец сияқты ингредиенттер қолданылады.
    • Дайындау процесі соус жасау, тунец қосу, көкөністерді араластыру және сэндвичті құрастырудан тұрады.

    Сипаттамасы

    Асхана: Америка

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 5 минут

    Дайын болу уақыты: 10 минут

    Құрамы

    Бидай наны - 6 дана

    Лимон шырыны - 2 ас қасық

    Сельдерей - 40 г

    Қызыл салат пиязы - 0.5 дана

    Аскөк - 1 ас қасық

    Соль - 0.25 шай қасық

    Қара бұрыш - 0.25 шай қасық

    Табиғи йогурт - 0.33 ас қасық

    Салат жапырақтары - қалауыңызша

    Консервіленген тунец - 280 г

    Қыша - дәміне қарай

    Дайындалуы

    1. Соусты дайындаймыз

    Соус дайындаймыз. Скриншот
    Соус дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Feelgoodfoodie

    Аскөкті тазалап жуып, ұсақтап тураймыз. Шұңғыл ыдысқа грек йогуртын саламыз. Оған жарты лимон шырынын сығып саламыз, сосын қышаны дәміне қарай қосамыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш себеміз. Соңында туралған аскөкті қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    2. Соусқа консервіленген тунец балығын қосамыз

    Соусқа тунец балығын қосамыз. Скриншот
    Соусқа тунец балығын қосамыз. Скриншот: YouTube/ Feelgoodfoodie

    Конверсідегі тунец балығын ашып, жақсылап сүзіп аламыз. Балықты соусқа қосамыз. Сонымен бірге лимон шырыны мен оның сыртын, аскөк, жаңғақ пен паприканы қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    3. Көкөністерді қосамыз

    Көкөністерді қосамыз. Скриншот
    Көкөністерді қосамыз. Скриншот: YouTube/ Feelgoodfoodie

    Қызы салат пиязының жартысы мен сельдерейді ұсақтап тураймыз. Барлығын тунец қоспасына қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    4. Cэндвичті жинаймыз

    Сэндвичті жинаймыз. Скриншот
    Сэндвичті жинаймыз. Скриншот: YouTube/ Feelgoodfoodie

    Салат жапырақтарын жуып, қағаз орамалдармен құрғатып сүртеміз. Тәрелкеге туралған нан тілімдерін қоямыз. Алдымен нанға салат жапырағын қоямыз, сосын үстінен соусты жағамыз. Сэндвичтің бетін тағы бір нан тілімімен жабамыз. Паста таусылғанша, осындай бірнеше бутерброд дайындап шықсаңыз болады. Осылайша, дәмді әрі құнарлы таңғы ас дайын болып шығады.

    Тунец қосылған бутерброд: құнарлы әрі пайдалы таңғы ас рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.