jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Дәруменге бай: орамжапырақ пен көкөністерден даярланатын ең оңай салат

    Дайын болған коул-слоу салаты. Скриншот
    Дайын болған коул-слоу салаты. Скриншот: YouTube/ Chef Billy Parisi

    Орамжапырақ пен қарапайым көкөністерден әзірленетін салатты әлемде "коул-слоу" деп атайды екен. Үй жағдайында оңай әрі тез жасалатын тіскебасар өзге салаттардан денсаулыққа пайда болуымен ерекшеленеді. Бүгін сіздермен қолдағы көкөністер және орамжапырақпен әзірленетін қарапайым салат рецебімен бөлісетін боламыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Орамжапырақ, сәбіз, пияз және басқа көкөністерден жасалатын "коул-слоу" атты қарапайым әрі пайдалы салаттың рецепті ұсынылады.
    • Салатты дайындау үшін қажетті ингредиенттер мен дайындау әдісі егжей-тегжейлі сипатталған.
    • Салаттың дәмін келтіру үшін майонез, пахта, алма сірке суы және дәмдеуіштерден тұратын арнайы соус дайындау әдісі көрсетілген.

    Сипаттамасы

    Асхана: Америка

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 5 минут

    Дайын болу уақыты: 15 минут

    Құрамы

    Сельдерей - 1 шай қасық

    Қант - 1 шай қасық

    Сәбіз - 3 дана

    Майонез - 158 г

    Жасыл пияз - 3 дана

    Пияз - 0.5 дана

    Қызыл орамжапырақ - 0.25 дана

    Ақ орамжапырақ - 0.5 дана

    Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

    Алма сірке суы - 2 ас қасық

    Пахта - 3 ас қасық

    Дайындалуы

    1. Орамжапырақты жіңішке етіп тураймыз

    Орамжапырақты тураймыз. Скриншот
    Орамжапырақты тураймыз. Скриншот: YouTube/ Chef Billy Parisi

    Орамжапырақтың сыртқы қабатын аршып, тазартып жуып аламыз. Ортасынан бөлеміз. Сосын жіңішке етіп, тураймыз.

    2. Cәбіз бен пиязды тураймыз

    Сәбіз бен пиязды тураймыз. Скриншот
    Сәбіз бен пиязды тураймыз. Скриншот: YouTube/ Chef Billy Parisi

    Сәбіздің қабығын аршып, жақсылап жуып, жіңішке етіп тураймыз. Оған қасықтың ұшындағыдай етіп тұз қосып, орамжапырақты қосып, барлығын қолмен жақсылап араластырамыз. Көкөністерді кепкірге салып, 30 минутқа қалдырыңыз.

    Сонда көкөністер артық судан арылатын болады. Сосын көкөністерді қағаз сүлгімен сүртіп шығыңыз. Пияздың қабығын тазартып, жіңішке сақина түрінде тураңыз. Жасыл жуаны да жуып, турап шығыңыз.

    3. Cалатты араластыратын соусты дайындаймыз

    Соусты дайындаймыз. Скриншот
    Соусты дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Chef Billy Parisi

    Шұңғыд ыдысқа майонезді саламыз. Оған пахта, алма сірке суы, қант пен шым-шым тұз бен қара бұрышты қосамыз. Барлығын венчикпен араластырамыз.

    4. Көкөністерді соуспен араластырамыз

    Салаттың барлық құрамын араластырамыз. Скриншот
    Салаттың барлық құрамын араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Chef Billy Parisi

    Бөлек ыдысқа құрғатылған орамжапырақ пен сәбізді саламыз. Үстінен пиязды қосамыз. Соусты құйып, барлығын жақсылап араластырамыз. Дәміне қарай тұз бен қара бұрыш, сельдерей тұқымдарын қосамыз. Осылайша, денсаулыққа пайдалы әрі өте жеңіл дайындалатын орамжапырақ салаты дайын болып шығады.

    Дәруменге бай: орамжапырақ пен көкөністерден даярланатын ең оңай салат

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.