Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер енді көздің қарашығын да ауыстырмақшы

Опубликовано:

RIKEN институты мен Коба қаласындағы медицина орталығы көздің қарашығын трансплантациялау үшін алғашқы тәжірибе жасап көрмек. Яғни дәрігерлер жасанды көпфункционалды iPS-жасушаларды көзге орналастырмақ деп хабарлайды The Qazaq Times.

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен жасалынатын трансплантацияның алғашқы тәжірибесі үшін бес пациент іріктеліп алынған. Бұл бастаманың жетекшісі Масае Такахасидің айтуынша, алғашқы трансплантация сәтті аяқталып жатса, 11 айда жүзеге асатын әр адамның көз қарашығындағы жасушалардың өсімі 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік туады және құнын бірнеше есеге арзандатуға болады екен.

2014 жылы ең алғаш рет 70 жастағы пациентке iPS-жасушаларды қолданып ота жасалған. Нәтижесі жақсы болғандықтан енді осы жасушаларды пайдалана отырып көздің қарашығына ота жасауды көздеп отыр.

Зерттеушілерден болжамынша, бұндай ота көз ауруларына көп көмек көрсетпек.

Ғалымдардың айтуынша, көзге арналған iPS-жасушаларды басқа адамның көзінен ғана емес, өзінің денесінен де алуға болады. Он жылдан бері өндіріліп келетін бұл жасушалардың бір ғана кемшілігі - қатерлі ісікке жол ашатындығы.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстанда 24 мың теңгеге жан бағуға бола ма? (фото)

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда тағы да үшінші орын алды (фото, видео)

Лукашенко Путинді сыбап тастаған соң екі ел арасына сызат түсті

Қайрат Нұртастың анасы алғаш рет патша сарайындай салтанатты үйін көрсетті (фото)

Хоккейден Қазақстанды жеңген Ресей құрамасының өкілі әдепсіз әрекетімен көзге түсті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1403693-darigerler-endi-kozdinh-qarashyghynda/

pixel