RU

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда тағы да үшінші орын алды (фото, видео)

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан ән байқауының төртінші кезеңінде үшінші орын алды деп хабарлайды қытай басылымдарына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ол Singer-2017 байқауының төртінші кезеңінде Джеки Чунның "Күзгі мұң" атты әнін орындап шыққан болатын.

Әншінің қытайлық фанаттары оның бұл әнді акцентсіз, таза қытай тілінде орындап шыққанына таң қалып, оны төбесіне көтерген болатын.

Ал бірінші орынға "Сен менің ең сүйікті адамымсың" атты әнімен тайваньдық Lion ұжымы ие болды. Екінші орынды Гонгонгтан келген Сэнди Лам алды.

Еске салсақ, Димаш бұл байқаудың алғашқы және екінші кезеңдерінде бірінші орынға ие болып, әлем жұртшылығын өзіне қаратқан еді. Байқаудың үшінші кезеңінде ол үшінші орынға түсіп қалғанымен, оның даңқы әлі де қытайлықтар арасында аспандап тұр.

Димаштың қытай тілінде орындаған әнінің жазбасы.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Универсиадада екінші орын алған Қазақстан құрамасына алғысын айтты

Ағылшын тілінде мінсіз сөйлеп шыққан Сағынтаев пен Байбек елді таң қалдырды (видео)

Хоккейден Қазақстанды жеңген Ресей құрамасының өкілі әдепсіз әрекетімен көзге түсті (видео)

Еркін Ізбасар бастаған 15 күдіктінің қамау уақыты ұзартылды

Қайрат Нұртастың анасы алғаш рет патша сарайындай салтанатты үйін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1403541-dimash-qudaybergen-qytaydaghy-bayqaud-3/