Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай жаңа коронавирустың суретін жариялады (фото)

Опубликовано:

Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың жаңа түріне қатысты ақпарат пен оның электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жаңа коронавирустың микроскоп көмегімен жасалған суреті. Фото: The Chinese disease prevention authority
Жаңа коронавирустың микроскоп көмегімен жасалған суреті. Фото: The Chinese disease prevention authority: Instagram

Суреттің аурудың алдын-алу және және бақылау шаралар аясында жасалғаны хабарланды.

Сурет бірден барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кеткен.

Айта кетсек, Қытайдың Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі желтоқсан айының соңында анықталды.

Мамандардың зерттеуінше, аурудың қоздырғышы - коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV болып табылады.

Алғаш ауырған адамның теңіз өнімдерін сататын базарға қатысы болған. Вирустың көзі Қытайда тағамға жиі тұтынатын жыландар болуы мүмкін екені айтылған. Кейін вирустың жұқпалы екендігі яғни адамнан адамға берілетіні анықталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, аталған ауруды жұқтырған адамдар саны 830-дан асып, көз жұмғандар саны 25 адамға жеткен.

Коронвирус Қытай аумағынан тыс жерлерде де таралған. Оны жұқтыру жайттары Азия елдері мен АҚШ-та тіркелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталмыш вирустың таралуына байланысты Қытайда үшінші қалада карантин жарияланғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин көрші елде таралып жатқан коронавирус жайлы пікір білдіріп, қалай қорғануға болатынын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1837745-kytaj-zaa-koronavirusty-suretin-zarialady-foto/

pixel