Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саусағы жоқ, қолы ішке қайырылған: Қарағандылық отбасы қызының отасы үшін ақша таппай жанұшыруда

Опубликовано:

Анна Рубцова
Анна Рубцова қызымен бірге. Фото: Жеке мұрағаты

2020 жылы дүниеге келген Анна Рубцованың туа біткен диагноздары бар – қыз баланың саусағы жоқ, бір қолы екіншісінен қысқа, жамбасы шығып кеткен. Десе де қыздың ата-анасы еш мойымастан баласының денсаулығын қалыпқа келтіру үшін барын салып жүр. Өкінішке қарай, бүгінде отбасының қажетті ота жасауға қаражаты жеткіліксіз болып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Анна – көптен күткен екінші баламыз. Ұлымыз өсіп келе жатқан еді, күйеуім екеуміз қызды болуды қатты қалайтынбыз. Жүктілік қалыпты жағдайда өтті, ешқандай шағымым болмаған. Барлық УДЗ бен скринингті уақытылы өтіп жүрдік. Алайда УДЗ-де дәрігерлер баламыздың дамуы қатты кешеуілдеп жатқанын байқамаған, тек 30-аптада бір-ақ білдік. Қызымыздың салмағы өте аз болды, 30-аптада оның салмағы небәрі 22-23-аптадағыдай еді. Қайта-қайта УДЗ-ге түсу, әр апта сайын бақылау, аурухана табалдырығын тоздыру басталды. Дәрігерлердің пікірлері екіге бөлінді: бірі құрсақтағы балам аман қалмайды деді, екіншісі оптимистік көзқараста болды. Осылайша мен жүктіліктің 37-аптасына жеттім", - деп еске алады қыздың анасы Наталья.

Анна 2144 грамм салмақпен дүниеге келеді және тек перзентханада баланың туа біткен диагноздары бар екені белгілі болады. Қыз балаға жамбас сүйегінің шығуы деген диагноз қойылады. Ата-анасы отасыз емделудің жолын тауып, Тольяттидегі дәрігерге жүгінеді. Нәтижесінде дәрігер Аннаның жамбасын 4 айда гипс арқылы емдеп шығады. Қыздың ата-анасы енді оның қайырылған қолына шұғыл ота жасату үшін барын салуда.

"Біз Санкт-Петербургтен осындай диагнозды емдей алатын маманданған дәрігерлерді таптық (Аннаның қолында бас бармағы жоқ және қолы дұрыс дамымаған, салдарынан қолдарының ұзындығы әртүрлі). Санкт-Петербургтегі дәрігерлер емдеуді неғұрлым тез бастасақ, соғұрлым жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатындығын айтты. Қызымыз туылған кезде саусақтарын бүге алмайтын, емнен кейін бүге бастады. Тумысынан қолы қайырылып кеткен, заттарды ұстай алмайтын күйде еді", - дейді Наталья.

2021 жылдың 28 тамызында қыз балаға алғашқы ота жасалды – қолын түзеу үшін Илизаров аппараты қойылды. Оны қыз бала кем дегенде алты ай бойы тағып жүруі керек. Анасының айтуынша, қазірдің өзінде бұл ем өз нәтижесін беріп жатыр. Анна сұқ саусағын қозғалтып, жеңіл заттарды қолымен ұстай алатын күнге де жеткен. Келесі ота 2022 жылдың наурыз айына жоспарланған, ол Мәскеуде өтеді. Отаның құны ұшу және тұрумен бірге 4 миллион теңгені құрайды. Бүгінде жиналған сома - 800 000 теңге. Отбасы отаға қаражат таба алмай жанұшырып жүр, сататын дүниелері де қалмағанын айтып отыр.

"Сататын мүлкіміз де жоқ, жалдамалы үйде тұрамыз, қызымызды емдеу үшін сататын қымбат бағалы заттарымыз да қалмады, бірақ еңсемізді түсіргіміз келмейді, баламыздың үмітін ақтау үшін барымызды салуға дайынбыз. Қызыма дені сау балалық шақ сыйлауға көмектесіңіздерші", - дейді Наталья.

Реквизиттер:

Kaspi bank: 4400 4301 9311 6370

+ 7 708 236 23 18

Сбербанк Казахстан: 4578 3200 0919 4453

NATALYA RUBTSOVA

Сбербанк Россия (RUS): 4276 5400 2755 6830

+7 927 612 54 37

NATALIA RUBTSOVA

HALYK BANK: 4405 6397 8822 15 03

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1958103-sausagy-zoq-qoly-iske-qaiyrylgan-qaragandylyq-otbasy-qyzynyn-otasy-usin-aqsa-tappai-zanusyruda/

pixel