Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Апармаған жерім жоқ": Алматылық ана баласын емдету үшін халықтан жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

Ерасыл
Ерасыл. Фото: жеке мұрағат

Қазір Алматыда тұрып жатқан Ақлима Тұманова тұла бойы тұңғышы Ерасылды қатарға қосу үшін халықтан жанұшыра көмек сұрап отыр. Екі айдан соң жеті жасқа толатын балақайдың әлі күнге дейін тілі шықпаған. Бүгінге дейін бірнеше рет Ресейде ем алған қарапайым отбасы үшін ұлының емі қымбатқа түсуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерасыл дүниеге келгенде дені сау болатын. Бірақ уақыт өте келе, ұлының тілі шықпағаны анасын алаңдата бастаған. Дәрігерлер алдымен "психика және тіл дамуының тежелуі" диагнозын қойған.

"Ерасылды төрт жасынан бері апармаған жерім жоқ. Оның түсінігі қалыптаспаған, тілі де шықпаған болатын. Миға сигнал беретін түрлі аппараттарды қолданып, ұлымның түсінігін қалыптастырдым. Бірақ тілі әлі күнге дейін шығар емес. Ресей жерінде бес рет ем алдық. Әр емімізге екі миллион теңгеден аса қаржы кетті. Қазір Ерасылдың құрдастары бірінші сыныпты аяқтайды. Ал менің ұлым түрлі оңалту орталықтарын сағалауға мәжбүр. Өйткені, баламның дамуында ауытқушылық бар", - дейді ол.

Ақлиманың Ерасылдан бөлек тағы екі ұлы бар. Дәрігерлер оның кіші ұлына да ерекше күтім керек екенін ескерткен. Өйткені, кенже ұлының иммунитеті төмендей бастаған.

"Қазір бар ықыласым тек Ерасылға ауып кеткен. Қалған екі балама да менің мейірімім қажет. Бәріне тең көңіл бөлгім келсе де, үлкен ұлымның қатарынан қалып қойғаны жанымды жегідей жейді. Дәрігерлер Ерасылға аутизм диагнозын қойды. Оның сөйлеп кететініне, ең болмаса, өзіне қажетті нәрселерді сұрай алатынына сенемін.

Ол үшін кешенді емдеу қажет. Бізді Ташкент дәрігерлері қабылдауға дайын. Бірақ ол жақтағы ем үшін 5 миллион теңгедей қаржы керек. Осы ретте, қасиетті жұма күні қайырымды адамдардан көмек сұраймын. Ұлымның дерті күн санап асқынып барады. Тоқтаусыз жылайтын, тоқтаусыз басын қабырғаға ұратын кездері көп. Осы агрессияның алдын алу үшін, емдету үшін аналық жүрегіммен көмек сұраймын", - дейді Ақлима Тұманова.

Ерасылға көмек берем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Gold: 8 707 882 42 26 Аклима Т. (Ерасылдың анасы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1959189-aparmagan-zerim-zoq-almatylyq-ana-balasyn-emdeu-usin-xalyqtan-zanusyra-komek-surauda/

pixel