Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек қорына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Дәріхана
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомство БАҚ-та жарияланған инсулин және басқа да дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты мақалаға жауап берді.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда бөлшек сауда сегментінде дәрілік заттардың бар-жоғын анықтайтын мониторингіге сәйкес тапшылық байқалмайды. Препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттарды тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, ірі көтерме дәріхана қоймаларында қор жасақталған", - делінген ақпаратта.

2022 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 11,1 миллиард теңге сомаға инсулиннің 20 түрі сатып алынған.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында инсулиннің жеткілікті қоры бар.

"Инсулин халыққа дәрігер рецепті бойынша, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған пациенттерге тегін беріледі. Демек, бұл препараттар есепте тұр. Олар рецептімен босату, есепке алу және сақтау қағидаларымен регламенттеледі. Министрліктің ерекше бақылауында болады", - дейді министрлік.

Ведомство өкілдері дәрі-дәрмектердің бөлшек бағасы белгіленген шекті баға аясында қалыптасатынын атап өтті.

"Дәрі бағасын мемлекеттік реттеудің арқасында сұраныс пен сатудың маусымдылығын, сондай-ақ жыл сайынғы инфляцияны ескере отырып, бағаларды оңтайлы деңгейде ұстап тұруға болады", - деп жазылған ақпаратта.

Дәріге белгіленген шекті бағаны асырғаны үшін "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодекстің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Инсулин - бұл температура режимін сақтауды қажет ететін ақуыз.

Сондай-ақ, арнайы сақтау талаптары мен жедел жеткізу шарттары ескерілмесе, инсулин бұзылып кетуі мүмкін.

Министрлік жалған ақпарат таратпауға, босқа дүрлікпеуге және тек ресми мәліметке сенуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1961400-densaulyq-saqtau-ministrligi-dari-darmek-qoryna-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel