Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қан алу: Хиджаманың денсаулыққа пайдасы мен зияны

Опубликовано:

Қан алу: Хиджаманың денсаулыққа пайдасы мен зияны
Көрнекі сурет: Pixabay

Шығыс елдері және Еуропаның бірқатар елдерінің халқы ежелгі исламдық емдеу әдісі – хиджамаға жиі жүгінеді. Емдеу әдісінің бұл түрі ағзадағы "пайдасыз" қаннан арылуға негізделген. Хиджама – көптеген ауру түрлерін емдеуде қолданылады және оны арнайы құралдардың көмегімен жасауға болады. Сонымен хиджама дегеніміз не? Аталған сауалдың жауабын бүгінгі мақаладан білетін боламыз.

Хиджама дегеніміз не және оның пайдасы

БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сәйкес, хиджама – бұл емдеудің ежелгі түрлерінің бірі әрі ол халық арасында күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Түрлі еңбектерде адам ағзасын емдеудің аталған әдісі Мұхаммед Пайғамбар заманында да кеңінен қолданылған деген дерек бар. Капилярлық қан алу арқылы жасалатын әдіс өте қарапайым әрі ағзадағы "ластанған" қанды алудың таптырмас құралы болып табылады.

Қан ағзаға ластанған су немесе ауа, дұрыс тамақтанбау, дәріні көп ішу сияқты жолдармен зиянды заттарды сіңіріп алады. Емдеудің бұл әдісі қанның жаңаруын қамтамасыз етеді, нәтижесінде ағзаның жалпы жағдайы да дұрысталады. Еске саларлығы, хиджама тәсілімен барлық адамдар бірдей емделе алмайды. Онымен емдеуге болатын, болмайтынын дәрігер шешуі тиіс.

Хиджама жасау үшін вакуумдық банкалар, сорғы, пышақ және спирт керек. Процедура 15-20 минутқа созылады. Алдымен денеге пластикалық банкалар қойылады. Осылайша сорғының көмегімен олардың астында вакуумды кеңістік пайда болуы керек. 5 минут өткен соң жаңағы жерлерді спиртпен сүртіп, оларды пышақпен тіледі. Нәтижесінде сол жерде қан жинала бастайды.

Денеде хиджама жасалатын белгілі бір орындар бар. Дененің бұл нүктелері науқастың қай жері ауыратынына байланысты таңдалады. Сөйтіп дененің белгілі бір бөліктеріндегі қан айналымына әсер етуге болады. Тамырлардағы "лас" қан сұйықтығын алып тастау арқылы қан тамырларында жаңа қан ферменттері пайда бола бастайды.

Процедура қант диабетін емдеуде де тиімді, дейді мамандар.

Хиджама қан қысымы жоғарылағанда оны төмендетеді, қандағы глюкоза мөлшерін реттейді, жүрек соғысын қалыпқа келтіреді.

Ресей денсаулық сақтау дәрігерлерін жетілдіру бойынша Иркутск мемлекеттік институтының және Республикалық клиникалық аурухана авторлар тобының зерттеулеріне сәйкес, денеден аз мөлшерде қан алу кешенді терапияда бронх-өкпе ауруларын емдеуде қолданылады.

Тәжірибеге сүйене отырып, ағзадан қан алу үшін келесі патологиялар қарастырылатынын атап өткен жөн:

  • тірек-қимыл жүйесінің бұзылуы;
  • остеохондроз;
  • есту қабілетінің жоғалуы;
  • гаймор қуыстарының қабынуы;
  • пневмония;
  • гипертония;
  • бронх демікпесі;
  • бауыр мен өт қабы жұмысының бұзылуы;
  • бүйрек аурулары;
  • зәр шығару жүйесінің аурулары;
  • артроз;
  • ерлер мен әйелдердің бедеулігі;
  • әйелдердің жыныстық жүйесі аурулары.

Қан алу зәр шығару жүйесіне оң әсер етеді. Сол себепті бұл әдіс артық салмақтан арылу барысында да қолданылады. Науқастар аталған процедурадан кейін өздерінің күші мен энергиясы артқанын, түнгі ұйқы мен көңіл-күйі жақсарғанын айтады.

Қан алу: Хиджаманың денсаулыққа пайдасы мен зияны
Көрнекі фото: Pexels

Хиджаманы қолдануға болмайтын жағдайлар мен зияны

Кейде адамдар хиджама жайлы теріс пікірлерін де айтып жатады. Хиджама денсаулыққа оң әсер етуі үшін банкілер дененің кез келген жеріне емес, тек арнайы кей бөліктеріне ғана қойылуы керек. Өйтпеген жағдайда қан алу процесінің денсаулыққа зияны болуы мүмкін.

20 жастан кіші әрі 70 жастан үлкен адамдарға хиджама жасауға болмайды. Хиджаманы келесі аурулар мен патологияларда жасауға болмайды:

  • анемия;
  • психикалық ауытқулар;
  • астения;
  • онкологиялық аурулар;
  • жүктілік және лактация кезеңі;
  • эритроциттердің жетіспеушілігі;
  • ашық жарақаттар болған жағдайда;
  • қатты шаршау, әлсіреу болғанда;
  • лейкоциттер мөлшері аз болғанда;
  • гематокрит төмен болғанда;
  • тромбоциттер тапшылығы;
  • АИТВ, ЖИТС аурулары;
  • атеросклероз; гепатит, мерез;
  • ағза әлсіреген жағдайда;
  • бауыр циррозы;
  • ауыр жүрек ақаулары.

Уақытша шектеулер төмендегідей:

  • жарақаттан, ұзақ ауырғаннан кейін немесе операциядан кейін денені қалпына келтіру (процедураны 20-30 күннен кейін жасайды);
  • әйелдерде етеккір келген күндері және ол аяқталғаннан кейін тек 7-10 күннен хиджаманы жасауға болады;
  • вирустық аурулар немесе ангина ауырғаннан кейін екі аптадан соң хиджама жасауға болады.

Қан алу – бұл аз мөлшерде болса да қан жоғалту, сондықтан ағза үшін ол белгілі бір деңгейдегі "стресс" болуы мүмкін. Ем-домның ережелерін сақтамау денсаулықтың нашарлауына әрі келесі жанама әсерлерге әкелуі мүмкін:

  • құсу және диарея;
  • қатты шаршау;
  • қан қысымның күрт төмендеуі;
  • температураның жоғарылауы;
  • анемия.
Хиджама
Фото: Pixabay

В.А.Тарнуев пен Г.Т.Намсараева ұсынған деректерге сәйкес, қанның аз мөлшерде алынуы қиындықтар да тудыруы мүмкін. Мәселен қан кетпей, тоқтап қалады немесе керісінше тоқтамай қоюы мүмкін. Кей жағдайдарда тіпті науқас есінен де танып қалуы ықтимал. Мұндай қиындықтарға жол бермес үшін, міндетті түрде хиджама жасамастан бұрын дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

Хиджама адам денсаулығын жақсартады және көптеген ауруларды емдеуге көмектеседі. Алайда емдеудің бұл түрі бірқатар кеңестер мен оны жасатуға болмайтын жағдайларды еске ұстауды талап етеді.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық бағытта әзірленді. Аталған процедураны жасамас бұрын, дәрігермен міндетті түрде кеңескеніңіз жөн.

Дереккөздер:

1.Тарнуев В. А., Гармаев О. Ж., Доржиева Д. Д., Есаулова И.Н. Бронх маскасымен ауыратын науқастарды кешенді емдеуде микро қан алу әдісін қолдану// Тыныс алу физиологиясы мен патологиясы бюллетені. – 2 008 . - №28. 59-61б.

2. Naseem Akhtar Qureshi. History of cupping (Hijama): a narrative review of literature// National Library of Medicine. — 2017.

3. Seyed Reza Vakilinia. Hijama (Wet Cupping or Dry Cupping) for Diabetes Treatment// National Library of Medicine. — 2016.

Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова

Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Георгиевич Максаков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1965528-qan-alu-xidzamanyn-densaulyqqa-paidasy-men-ziyany/

pixel