Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер күйзелістен арылуға көмектесетін өнімді атады

Опубликовано:

Базилик
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік дәрігер-диетологтар "Россия-1" телеарнасындағы "О самом главном" бағдарламасында күйзеліске қарсы тиімді өнімді атады, деп хабарлайды Lenta.ru "Смотрим" басылымына сілтеме жасап.

Медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзинбургтің сөзінше, күйзелістен арылуға базилик жақсы көмектеседі. Айтуынша, бұл өнімде B1, B2, B3 және B6 дәрумендері бар, олар мидың жұмысын жақсартады және мазасыздықтан арылуға септігін тигізеді.

Ал оның әріптесі Сергей Агапкин құрамында базилик бар дәрі-дәрмектер транквилизаторлар тобындағы дәрілер сияқты мазасыздықпен күресуге көмектесуі мүмкін екенін атап өтті.

"Бұған қатысты бірнеше рет зерттеу жүргізілген. Яғни жүргізілген зерттеулер барысында күйзеліске түскен адамдарға 400-ден 1200 миллиграмға дейін капсула түріндегі кептірілген базилик берілген. Нәтижесіне оның мазасыздыққа қарсы әсер еткені байқалған", - дейді дәрігер.

Еске салайық, бұған дейін Yahoo News Japan басылымы болгар бұрышының адам ағзасы үшін қандай пайдасын бар екенін жазған болатын.

Басылымның мәліметінше, болгар бұрышы антиоксиданттық қасиеттерге ие және иммунитетті нығайтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1972454-darigerler-kuizelisten-aryluga-komektesetin-onimdi-atady/