Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болгар бұрышының адам ағзасы үшін пайдасы қандай

Опубликовано:

Бұрыш
Көрнекі фото: Pexels

Yahoo News Japan басылымы болгар бұрышының адам ағзасы үшін қандай пайдасын барын айтты, деп жазады "ИноСМИ".

Басылымның мәліметінше, тәтті жасыл бұрыштың құрамында хлорофилл бар.

Ол антиоксиданттық қасиеттерге ие және иммунитетті нығайтады. Сондай-ақ ол қан тамырларының бітелуін болдырмайды, сол арқылы холестерин деңгейін төмендетеді.

Сонымен қатар бұрыштың құрамында қанды сұйылтуға ықпал ететін және тромбтардың (ұйыған қан) пайда болуының алдын алатын пиразин де бар. Айта кетейік, ағзада тромбтардың түзілуінен инфаркт, миокард, бас ауруы сынды аурулар пайда болады. Пиразин негізінен көпшілігіміз кәдеге жарата бермейтін бұрыштың дәнінде болады. Болгар бұршының дәні тек пиразинге ғана емес калийге де бай.

Бұрыштың құрамында С мен Р дәрумені де бар. Бұрышты пісірген кезде Р дәруменінің көп болуына байланысты С секілді маңызды элемент жоғалмайды. Жалпы, аскорбин қышқылы теріні ағартуға, күнге күюді болдырмауға және коллаген өндіруге көмектеседі.

Одан бөлек бұрыштың құрамындағы бета-каротиннің антиоксиданттық қасиеті жоғары. Оның арқасында қартаю процесін баяулатып, көздің жақсы көруін қабілетін сақтауға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін эндокринолог дәрігер, Doctor телеарнасының сарапшысы Илона Мирзоян қанттың зияны туралы айтып, оны алмастыруға болатын өнімдерді атағанын жазған едік.

Дәрігердің пікірінше, қанттың орнына жеміс немесе жидектен жасалатын пюрелерді пайдаланған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1962998-bolgar-burysyn-unemi-tutynsa-adam-agzasyna-aseri-qandai-bolady/

pixel