Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық терапевт аптап ыстық адамға несімен қауіпті екенін айтты

Опубликовано:

Жаз мезгілі
Көрнекі фото: pixabay.com

Жоғары санатты дәрігер, терапевт және кардиолог Лейла Оспанова адам үшін аптап ыстықтың неліктен қауіпті екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Егер бізде 25-28 градус болса, онда бұл қалыпты жағдай. Егер температура бірден қырыққа дейін көтерілсе, бұл қауіпті. Егер ол қазіргідей құбылатын болса (бірде 38 градус, бірде 18), онда бұл мүлдем жақсы емес", – деді Лейла Оспанова.

Кардиологтың айтуынша, температураның күрт өзгеруі гипертониялық ауруы бар науқастар үшін және стенокардиясы бар адамдарға, әсіресе 50 жастан асқандар үшін қауіпті.

"Егер күннің ыстығы бірден 38-40 градусқа дейін күрт жоғарылап және күрт төмендейтін болса, онда холестерині жоғары адамдарға ол ауыр тиеді. Себебі дислипидемия (холестериннің жоғарылауы) салдарынан тамырлар икемділігі мен өткізгіштігін жоғалтады. Бұл бірден жүрекке, миға және бүйрекке жүк түсіреді", – деп түсіндірді дәрігер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қалалық №2 емхананың жалпы практика дәрігері Айдана Нұрлыман күннің қатты ысуы көлік жүргізушілеріне неліктен қауіпті екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1979981-almatylyq-terapevt-aptap-ystyq-adamga-nesimen-qauipti-ekenin-aitty/

pixel