Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім әлсіреп барады": Екі бүйрегі істемей қалған алматылық журналистің жағдайы нашарлап кетті

Опубликовано:

Әсел Жақыпбек аурухана кереуетінде жатыр
Әсел Жақыпбек. Фото: жеке мұрағат

Белгілі журналист Әсел Жақыпбек Беларусь еліндегі отаға бару үшін қажетті қаражатты жинай алмай, қиналуда. Екі бүйрегі істемей қалған Әселдің қазір басқа органдары сыр бере бастады. Әсіресе, жүрегі қатты әлсіреп кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әселдің басындағы жағдайды бұдан бұрын да хабарлаған болатынбыз. 30 жастағы келіншектің екі бүйрегі толықтай істен шығып, екі жыл бойы диализ күшімен өмір сүріп келеді. Балаларының бақыты үшін аман қалуды ойлаған ол талай дәрігерден ем сұрап, өзіне шипа беретін жандарды Беларусь елінен тапты. Бұл жақта бүйрек ауыстыру отасы сәтті жасалады.

Минскідегі отаға Әсел тамызда баруы тиіс болатын. Алайда қаражат жиналмағандықтан, аурухана оны қабылдаудан бас тартты. Әсел өзіне қажетті донорды да тауып қойды. Бірақ 30 миллион теңгені жинау оның отбасына оңай болмай тұр.

Мейірімді жандардың арқасында қаражаттың басым бөлігі жиналды. Бірақ, 3,9 миллион теңге әлі жетіспегендіктен, сырқат ана отаға бара алмай отыр.

"Қазір жүрегімді емдеп жатырмын. Себебі жүрегіме күш түскен қатты. Егер жүрегім әлсіз болса, отаға алмайды. Қазір диализ де қатты көмектеспейді. Денемдегі басқа ағзаларға зәр таралып жатыр. Аяғымды басу күн санап қиынға соғуда. Көп дәрі ішкендіктен, асқазаным да сыр беріп отыр. Мен екі балам үшін аман қалғым келеді, қалған қаражатты жинауға көмектесіңіздерді. Сіздерден жалынып сұраймын", - дейді Әсел Жақыпбек.

Әсел Жақыпбекке көмектесем деушілер үшін реквизиттер төмендегідей:

Kaspi Gold тіркелген телефон номері: +7 707 597 62 27, Әсел Ж.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1988590-zuregim-alsirep-barady-eki-buiregi-istemei-qalgan-almatylyq-zurnalistin-zagdaiy-nasarlap-ketti/

pixel