Рудныйда жұмбақ жағдайда көз жұмған балалар өлімі бойынша токсикологиялық сараптама тағайындалды

Опубликовано:

Қан талдауын тексеріп жатқан жатқан медбике
Қан талдауын тексеріп жатқан жатқан медбике. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы Рудныйдағы алты жасар ағайынды балалардың жұмбақ өліміне қатысты токсикологиялық сараптама тағайындалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Балалар өлімінің себебін сарапшылар анықтайды. Токсикологиялық сараптама тағайындалды. Улы заттардан улануы да мүмкін. Қазірдің өзінде қажетті материалдар алынды. Токсикологиялық сараптаманың нәтижесі 12-14 күннен кейін дайын болады", – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасынының өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысы Рудный қаласында 6 жасар ағайынды екі баланың жұмбақ жағдайда көз жұмғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1992820-rudnyida-zumbaq-zagdaida-koz-zumgan-balalar-olimi-boiynsa-toksikologiyalyq-saraptama-tagaiyndaldy/