Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында 6 жасар ағайынды екі бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: pixabay.com

Рудныйда алты жасар ағайынды екі бала жұмбақ жағдайда көз жұмды. Қазір олардың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаеваның айтуынша, балалар 12 қазан күні жедел жәрдем көлігімен Рудный ауруханасына жеткізілген.

Ауруханаға түскен кезде олар әлсіздік, денесіндегі діріл, ұйқышылдық пен эмоционалдық тұрғыдан тұрақсыздық секілді белгілерге шағымданған. Балалар ауруханаға жатқызылған және инфузиялық терапия жүргізілген.

Кішкентай науқастардың жағдайы жақсарған соң анасының талабы бойынша 13 қазан күні таңертең үйлеріне шығарылған. Екі баланың да жағдайы қанағаттанарлық болған, олар ойнап жүрген.

Бірақ ауруханадан шыққан күні 12 сағаттан кейін екеуі де көз жұмған. Қазір балалардың өліміне не себеп болғаны анықталуда.

Қостанай облысының полиция департаменті 6 жасар екі баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғанын, оның аясында қажетті шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1992780-qostanai-oblysynda-6-zasar-agaiyndy-eki-bala-zumbaq-zagdaida-koz-zumdy/

pixel