Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гастроэнтеролог қатты ыстық шайдың денсаулыққа қандай қауіп төндіретінін айтты

Опубликовано:

ыстық шай
Шай. Көрнекі фото: pixabay.com

Гастроэнтеролог Татьяна Елисеева қатты ыстық шайдың адам денсаулығына тигізер кері әсерін айтты. Оның сөзінше, қатты ыстық шайға деген әуестік өңеш рагының пайда болуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ NEWS.ru сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, қатты ыстық шайды ішкенде адам шырышты қабықты күйдіріп алуы мүмкін.

Салдарынан өңеш рагының пайда болуы ғажап емес. Сондықтан сусынның суығанын күткен абзал.

"Егер шай құйылған шыны қолыңызды күйдіріп бара жатса, онда шайды ішу әлі ерте деген сөз. Оның суығанын күтіңіз. Өңеш рагы - өте ауыр әрі қауіпті ауру. Шылым шегетіндер де, алкогольді ішімдіктерді шектен тыс ішетіндер де бұл дертке шалдығуы мүмкін", - дейді Татьяна Елисеева.

Еске сала кетейік, бұған дейін күзде емдік шөптер арқылы иммунитетті қалай көтеруге болатынын жазған едік.

Мамандардың пікірінше, иммунитетті көтеруде шырғанақ шайы жақсы көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1996483-gastroenterolog-qatty-ystyq-saidyn-densaulyqqa-qandai-qauip-tondiretinin-aitty/

pixel