Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық ана сал ауруына шалдыққан ұлын емдету үшін 500 мың теңге таппай, қиналып отыр

Опубликовано:

Еркебұлан Дүйсебай
Еркебұлан Дүйсебай. Фото: жеке мұрағат

12 жастағы Еркебұла Дүйсебай туа бітті сал ауруына шалдыққан. Ол үйдегі төрт баланың үлкені. Еркебұлан өмірінің жартысынан көбін аурухана мен оңалту орталықтарында өткізіп келеді. Себебі балалық шағын алаңсыз өткізу бақыты оған бұйырмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркебұланға жүкті кезінде анасына дәрігерлер қандай да бір қауіп барын айтпаған. Оның үстіне, анасы Қаршыға алыс ауылда босанғандықтан, дер кезінде дәрігер көмегі де берілмеген. Босану кезінде қатты жарақат алған бала өмір бойына мүгедек боп қалды.

Бүгінде Еркебұлан үшін анасы қолдан келген көмекті аяған емес. Алайда жалғызбасты анаға ұлын үнемі оңалту орталығына апару қиын соғып отыр.

"Ұлым 12 жасқа келді. Бүгінге дейін ауырмай отырған кезі жоқ. Өздігінен жүре алмайды, өзіне қызмет көрсете алмайды. Әрине, ана жүрегім оның қаз басып, жүріп кететініне сенеді. Бірақ ай сайын оңалту орталығына апармасақ, аяғының сіңірі тартылып, ауру жанын жегідей жейді. Оны көру маған өте ауыр. Мұндай орталықтардың барлығы да тегін емес. Мемлекеттен берілетін тегін сағаттарды тауыстық. Енді тек ақылы орталықтарға жүгіне аламыз. Ал баға ұшып тұр", - дейді Қаршыға.

Қазіргі таңда Алматыдағы орталықтардың бірінде кезектен тыс жеңілдік жүріп жатыр. Ол үшін 500 мың теңге қаражат керек. Жеңілдікпен берілетін орындар саны аяқталуға жақындап қалған соң, анасы жанұшыра көмек сұрауда.

"Әрине, қазір ешкімге де оңай емес. Бірақ қайда барарымды, кімнен көмек сұрарымды білмеймін. Осы орталыққа ілігіп кетсек деген арманым бар. Жұмада қайырымды адамдардан көмек сұраймын", - дейді анасы.

Еркебұлан Дүйсебайға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspoi Gold: +7 705 602 49 19

Карта номері: 51 69 49 31 84 72 40 97

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1997773-almatylyq-ana-sal-auruyna-saldyqqan-ulyn-emdetu-usin-500-myn-tenge-tappai-qinalyp-otyr/

pixel