Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«МӘМС туралы қарапайым тілде»: Медициналық сақтандыру туралы пайдалы нұсқаулық

Жарияланған күні:

Медицина
Фото: pixabay

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда толығымен 2020 жылы іске қосылды. Осы уақыт ішінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есе өсті. Демек қазақстандықтардың медициналық қызмет алудағы мүмкіндіктері де арта түсті. Алайда жүйеге қатысу қаншалықты пайдалы және сақтандырылған азаматтар қандай қызметтер ала алады деген сауалдар толастар емес. NUR.KZ-тің «МӘМС туралы қарапайым тілде» деп аталатын арнайы қызметі басты сұрақтарға жауап бермек.

Жүйе бойынша нұсқаулық медициналық сақтандыру бойынша өзара көмек көрсету жүйесі жұмысының негізгі қағидаларын түсіндіреді. Жүйе жинақтаушы болып саналмайды. Ал ондағы қаражат тұрақты жарна төлейтін адамға керек кезде қажетті медициналық көмекті салынатын сомаға қарамастан толық көлемде алуға мүмкіндік береді. Сақтандырылған азамат кез келген клиниканы, оның ішінде жеке меншік мекемелерді таңдай алады. Ал шығындарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейді. МӘМС «ақша науқастың артынан жүреді» деген қағидамен жұмыс істейді, сондықтан медициналық ұйымдар қызметтерді сапалы көрсетуге мүдделі.

Мында науқас медициналық көмек сапасына қанағаттанбаған жағдайда қайда барып жүгіну қажет, МӘМС пакетіне не кіреді және оның тегін кепілдендірілген медициналық көмектің кепілді көлемінен (ТМККК) қандай айырмашылығы бар деген сынды сұрақтарға да жауап бар.

Арнайы жоба оқырманға медициналық сақтандыруға қол жеткізу жолдарын түсіндіреді. Сақтандыру мәртебесін қалай тексеруге болады, емханаға қалай тіркелуге болады, жүйеге қатысу үшін кімге және қанша ақша төлеу керек, медициналық сақтандыру моделінің бағыты қалай жүзеге асады – осы сауалдардың кез келгенін басса, оқырман толыққанды әрі егжей-тегжейлі ақпарат ала алады.

Арнайы жобаның ыңғайлы, оңтайлы және пайдалануға жеңіл интерфейсі көп көлемді ақпаратты тез алуға мүмкіндік береді. Мәселен, егер сіз сақтандыру мәртебесінің қандай пайдасы бар деген мәселеге бас қатырсаңыз, онда «Жиі қойылатын сұрақтар» деп аталатын қосымша беттегі «МӘМС-ті іске қосу маған ел азаматы ретінде не береді?» деген батырманы басуға болады.

Мұнда сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының серіктестерінің ішінен өзіңіз таңдаған кез келген емханадан (оның ішінде жекеменшік) медициналық көмекті алуға болатынын білетін боласыз. Мұндай жағдайда емхана шығынын толықтай Қор өтейді. Одан бөлек, жүйе қатысушысы ТМККК мен МӘМС пакеттері аясында қарастырылған медициналық көмек алу үшін қосымша төлемдерден босатылатынын айтпай кетуге болмайды. Яғни, медициналық сақтандыру отбасылық бюджетті үнемдеудің тамаша тәсілі.

«Біліп жүрген пайдалы» қосымша бетінде тісті тегін емдеу тәсілдері, жүкті әйелдер үшін жүйе қандай мүмкіндіктер береді, медициналық сақтандыру және т.б. сауалдар бойынша мәліметтер берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2002803-mams-turaly-qarapaiym-tilde-medicinalyq-saqtandyru-turaly-paidaly-nusqaulyq/