jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    15 мың адамның ішінде біреуінде ғана кездесуі мүмкін: жүрегі оң жағында орналасқан ауыл тұрғыны жайлы не білеміз

    жүрегің ұстап тұрған адам
    Ер адамның қолы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысына қарасты Шеңгелді ауылында жүрегі туа бітті оң жағында орналасқан тұрғын тұрады. Базар Кенжебеков елден ерекше жаратылғанын жеткіншек кезінде медициналық тексерістен өтуге барғанда білген, деп хабарлайды Хабар24.

    Базар Кенжебеков өзі бұл жағдайды аса бір ерекшелік санамайды. Ел қатарлы таң сәріде ерте тұрып, күнделікті тірлігін жасайды.

    Базар Кенжебеков ауылдың тазалық жұмысына атсалысады. Ол жүрегінің ешқашан мазаламағанын, жүрек ауырмас үшін уайым-қайғыға салынбай тек еңбек ету керектігін, сондай-ақ мейірімді болуды айтады.

    Ер адам дәрігерлік тексерістен өтуді де ұмытпайтынын, қан қысымы мен жүрек қағысы қалыпты екенін де де атап өтті.

    Базар Кенжебеков
    Базар Кенжебеков. Видеодан кадр: Хабар24

    Жалпы жүректің кеуденің оң жақ тұсында орналасуы медицинада декстрокардия деп аталады.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ол 15 мың адамның ішінде біреуінде ғана кездесуі мүмкін.

    Мамандар бұл сирек кездесетін жағдай екенін, алайда қандай да бір дерт саналмайтынын жеткізді.

    15 мың адамның ішінде біреуінде ғана кездесуі мүмкін: жүрегі оң жағында орналасқан ауыл тұрғыны жайлы не білеміз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.