Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздық дәрігерлер байқамай тіс шұқығышты жұтып қойған ер адамды құтқарып қалды

Опубликовано:

тіс шұқығыш
Тіс шұқығыш. Көрнекі фото: pixabay.com

Тараз қаласының тұрғыны байқамай ұзындығы 5 см-ге жуықтайтын тіс шұқығышты жұтып қойған. Ер адамның өмірін дәрігерлер сақтап қалды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, іші бірнеше күн бойы қатты ауырған 54 жастағы азамат ақыры дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Медицина қызметкерлері томография арқылы оның іш қуысында жіңішке таяқшаның қадалып тұрғанын анықтаған. Сөйтіп пациентке бірден ота жасап, ішекке кіріп кеткен тіс шұқығышты алып тастаған.

"Ота 40 минутқа созылды. Бөгде заттың ас ішегін тескенін көріп, сол жерден алынды, ішегі тігіліп, ота сәтті аяқталды. Қазір жағдайы орташа ауыр. Бәрі жақсы болып жатса, алдағы уақытта үйіне шығарылады", - дейді Тараз қаласының көпбейінді ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Ғабиден Рахымжан.

Дәрігерлер пациенттің дер уағында ауруханаға жүгінгенін айтып отыр, өйткені оның ішкі ағзасы іріңдеп кете жаздаған.

Бір қызығы, 54 жастағы жергілікті тұрғын таяқшаның өңештен қалай өтіп кеткенін білмейтін болып шыққан. Дегенмен, ол төрт күн бұрын соғым алып, ет асып жегенін айтқан.

Дереккөз: КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері бірнеше тігін инесін жұтып қойған 3 жасар баланы құтқарып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2007119-tarazdyq-darigerler-baiqamai-qazymen-birge-tis-suqygysty-zutyp-qoigan-er-adam-qutqaryp-qaldy/

pixel