"Бір жыл бұрын ұлымды жерледім": Егіз баласы ауыр дертке шалдыққан жалғызбасты ана жанұшыра көмек сұрады (фото)
Жарияланған күні:
Алматы қаласының тұрғыны Қымбат Нүсіпжанова ауыр дертке шалдыққан егіз баласымен ауруханада жатыр. Былтыр бес жасар ұлын жерлеген ананың үш баласы да өмірге мүгедек болып келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қымбат - жалғызбасты ана. Былтыр сал ауруымен туылған бес жасар баласын жер қойнына тапсырған. Бүгінде ол церебралды сал ауруының ауыр түріне ұшыраған ұлы Айдын мен құлағы мүлде естімейтін қызы Толқынды емдету үшін жанұшырып жүр.
"Айдын мен Толқын - егіздер. Айдын өте ауыр халде өмірге келді. Ол сал ауруының ең қиын түрімен ауырады. Бүгінге дейін оған жеті рет ота жасағанбыз. Өлім аузында жатқан жерінен тірі қалды. Ал қызым Толқынның жағдайы одан жақсылау. Бірақ құлағы естімейді. Оған төртінші деңгейдегі саңыраулық диагнозы қойылды. Былтыр үлкен ұлымнан айырылып қалдым. Ол да сал ауруы диагнозымен өмірге келген. Сүндетке отырғызған соң екі айдан кейін көз жұмды", - дейді Қымбат.
Үш баласы да мүгедек күйінде туылған Қымбатты жолдасы тастап кеткен.
"Күйеуімнің бізден кетіп қалғанына 2 жарым жылдай уақыт болды. Балаларын іздемейді. Үш баламның да өмірге кемтар болып келгені жанымды жегідей жейді. Бұған не себеп екенін де білмеймін. Генетикалық ауру ма, оны да түсінбедім. Жалғыз өзім егіздерді сүйрелеп жүрген соң, кейде қатты шаршаймын. Бірақ ұл-қызымның жағдайына қарап, босаңсуға болмайтынын сезем. Қазір ауруханада жатырмыз. Мейірімді жандардан көмек сұрағым келеді, қатты қиналып кеттім", - дейді жалғызбасты ана.
Қымбат Нүсіпжанованың егіз балаларына көмектесем деушілер үшін реквизит:
Kaspi Gold тіркелген номер: 8 775 867 37 80
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2008468-bir-zyl-buryn-ulymdy-zerledim-egiz-balasy-auyr-dertke-usyragan-zalgyzbasty-ana-zanusyra-komek-surady-foto/