Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда 4 бала иіс тиіп, ауруханаға түсті

Опубликовано:

Пеш
Пеш. Көрнекі фото: Рixabay.com

Павлодарда пештегі ақаудың салдарынан төрт балаға иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның деректеріне сүйенген басылымның жазуынша, оқиға жексенбі, 19 ақпан күні таңертең болған.

15, 11, 5 және 2 жастағы төрт бала жеке үйде шыққан түтіннің салдарынан иіс тиіп, уланып қалған.

"Олардың барлығы орта деңгейде улану диагнозымен облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне жатқызылды", – дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі басылымға.

Басылымның мәліметінше, балалар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Олардың қасында анасы болған. 32 жастағы әйел де иіс тиіп, уланған.

Оның айтуынша, пештегі ақауы салдарынан үйде түтін шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2010016-pavlodarda-4-bala-iis-tiip-auruxanaga-tusti/

pixel