Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызым адам төзгісіз болып барады": Төрт жасар қызы мүлде тамақ ішпейтін ана жанайқайын айтты

Опубликовано:

Аделя Эльдарқызы
Аделя Эльдарқызы. Фото: Гаухар Байботчаеваның жеке мұрағатынан

Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны Гаухар Байботчаева өз отбасындағы ерекше оқиғаны баяндап, көпшіліктен көмек сұрады. Оның төрт жастағы Аделя есімді қызы мүлде тамақ ішпейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гаухар жұбайы Эльдармен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда үлкен ұлы әскерде, ал күйеуі бір көзінің жасанды екеніне қарамастан, отбасын асырауда. Ең өкініштісі, олардың 4 жасар қызы Аделя ерекше дертке ұшырап отыр.

"Аделя біздің ең үлкен мәселемізге айналды. Себебі ол туылғалы бері осы қызымыздың денсаулығы ең бірінші орынға шықты. Біздің өміріміз Аделя туылғанға дейін және кейін деп бөлінеді десем, артық емес. Аделяда аутизм белгілері бар. Ол өздігінен тыныш жүре алмайды, онымен жай ғана дүкенге бару мүмкін емес. Ол сөйлемейді, ол ештеңені түсінбейді, ол өзіне қызмет көрсете алмайды. Осы аутизмді түзетеміз деп жүргенде, оған тағы бір дерт жабысты. Қызым мүлде тамақ ішпейді. Ыстық тамақ ішсе, бәрін құсып тастайды. Күнделікті қорегі - су мен нан ғана. Басқа тамақты аузына алмайды. Қазір тапсырған анализдердің 80 пайызы оның денесі вирусқа толғанын көрсетті", - дейді Гаухар.

Гаухар мен Эльдар үйін сатып, қызы үшін Алматыға көшіп келуді жоспарлап отыр. Алайда үй өтер емес, ал Аделяның ағзасы күн сайын әлсіреп барады.

"Мен 11 жыл мектепте мұғалім болғанмын. Қазір қызым үшін бәрінен бас тартып, үйде соны қарап отырмын. Өйткені оны бақылайтын бір адам жүруі керек. Қызыма Грузияда өзінің дің жасушаларын алмастырамыз деп, шақырту алғанбыз. Қазір 2 миллиондай жиналды. Бірақ қазіргі бас ауруымыз - қызымның ішек жолдарын емдету болып тұр. Әйтпесе, аузына мүлде тамақ алмай, күн сайын құлдырап барады. Өзім көпбалалы анамын, жолдасым - мүгедек. Аделя қызымды емдеуге жұмада көмек сұраймын. Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін. Қызым адам төзгісіз боп барады. Оны сәл де болса қатарға қосқым келеді", - деді Гаухар.

Аделя Эльдарқызына көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Bank

KZ31722C000032128715

Телефон номері: 8 776 666 14 40, Гаухар Байботчаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2010626-qyzym-adam-tozgisiz-bolyp-barady-tort-zasar-qyzy-mulde-tamaq-ispeitin-ana-zanaiqaiyn-aitty/

pixel