Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл қорқынышты түс сияқты": медицина қызметкері коронавирус қайда жоғалып кеткенін айтты

Опубликовано:

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматылық медицина қызметкері 2020 жылғы коронавирус пандемиясы кезінде қаншалықты қиын болғаны туралы және қазір жұқпалы аурулар бөлімінде қанша адам бар екенін айтып берді. Маманның сөзінше, пандемия "қорқынышты түс сияқты" көрінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Таңертеңнен кешке дейін оттегі сұрап, көмек сұрап жатқан ауыр науқастарды көргенде, бұл қорқынышты түс сияқты болды. Қазір ондай ешқашан болмағандай көрінеді, сол қиын күндер зымырап өтіп кеткендей", - деп есіне алады Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Салтанат Айбосынова.

Бүгінде коронавируспен ауыратын науқастарды Дегдар көшесіндегі жұқпалы аурулар ауруханасы ғана қабылдайды. Қалған стационарлар, оның ішінде модульдік ауруханалар бұрынғы жұмыс режиміне көшкен. Онда дәрігердің айтуынша, гепатит, менингит, ішек инфекциялары, қызылша сияқты басқа ауруларға шалдыққан пациенттер емделеді.

Бос палаталарға қарап, кезінде ауруды жұқтырып алған, тіпті өлім аузында жатқан жүздеген адамдардың болғанына сену қиын. Бүгінде жұқпалы ауруға шалдыққан коронавируспен ауыратындар өте аз – небәрі үш пациент қана, бірақ олар да жақын арада үйлеріне қайтады.

Қазақстандықтар коронавирус ақыры жойылды деген пікірде. Дегенмен дәрігердің айтуынша, әлі күнге дейін күн сайын жаңа науқастар анықталуда. Бірақ олардың саны былтырғыдан аз.

Салтанат Айбосынованың сөзінше, коронавирус ағымы өзгеріп, жеңіл түрлері амбулаторлық емдеуден өткізілгеннен кейін аурушаңдық деңгейі айтарлықтай төмендеген. Вакцинация да маңызды рөл атқарды, дейді дәрігер.

Бүгінде COVID-19 кәдімгі ЖРВИ сияқты өтеді: дене қызуы көтеріліп, мұрын бітелуі, тамақтың қышуы мен ауруы, құрғақ жөтел, әлсіздік сияқты симптодары байқалады.

Салтанат Айбосынова
Салтанат Айбосынова. Скриншот: Facebook / Алматыдағы И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы

"Коронавирустан туындаған пневмония өте аз, негізінен жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайды. Пневмония иммунитеті әлсіреген адамдарда – қант диабеті, бүйрек ауруы, жүрек-қан тамырлары ауруы кезінде болуы мүмкін", - дейді дәрігер.

Ол биыл ауруханада коронавирустан бірде-бір өлім тіркелмегенін айтты.

Айта кетейік, 2 мамырдағы соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 1131 адам COVID-19-дан ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 149 науқас стационарда жатыр, 982 науқас амбулаторлық емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ОҚЭК Telegram-арнасында хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2019100-bul-qorqynysty-tus-siyaqty-medicina-qyzmetkeri-koronavirus-qaida-zogalyp-ketkenin-aitty/

pixel