Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы жол апаты: дәрігерлер зардап шеккен оқушылардың жағдайы туралы мәлімдеді

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында жол-көлік апатында зардап шеккен оқушы қызға бұғананың сынуы диагнозы қойылды. Дәрігерлер оған гипс салып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында болған жол-көлік оқиғасы кезінде 8 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның екеуі жүргізуші, біреуі жаттықтықтырушы, өзгесі мектеп оқушылары.

"Жедел ақпаратқа сүйенсек, көліктер аудандық аурухана маңында соқтығысқан. "Нива" көлігінде отырған балалар Ноғайты ауылына жарысқа бара жатқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Біреуі ауруханада қалып, өзгелері амбулаторлы ем алуға жіберілді. Балалар 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары туған. Ал жаттықтырушы 27 жаста. Бәрі аман. Бір оқушы қыз қалаға жеткізіліп, оның бұғанасына гипс салынды",- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Ал облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Аудандық полиция бөлімі анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.​ Толық ақпаратын сонан соң береміз",- деді. Сонымен бірге ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізілген.

Еске салсақ, Қарауылкелді ауылындағы Молдағұлова көшесі бойында "НИВА" мен "Лада Приора" автокөліктері соқтығысты. Салдарынан көлік ішінде болған қыздың "бұғанасына зақым келді" деген диагноз қойылды. Дерек аудандық полиция бөлімінде тіркелді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2021456-aqtobe-oblysyndagy-zol-apaty-darigerler-zardap-sekken-oqusylardyn-zagdaiyn-aitty/

pixel