Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреуінің бұғанасы сынған": Ақтөбе облысында оқушылар мінген көлік жол апатына түсті

Опубликовано:

такси
Такси қызметі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында ауылдан аудан орталығына таксимен бара жатқан балалар жол апатына түсті. Оқушылар ата-аналарсыз, өздері ғана болған. Абырой болғанда оқушылар аман, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 20 мамыр күні сағат 09:50 шамасында Ақтөбе облысы Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылында болды. Жол апатына түскен екі жеңіл көліктің бірінде бес оқушы болған.

"Қарауылкелді ауылы Молдағұлова көшесі бойында "НИВА" автокөлігі мен "Лада приора" автокөліктері соқтығысып жол-көлік оқиғасы тіркелді. Нәтижесінде көлік ішінде болған жасы 12 жастағы жасөспірім оң жақ бұғанасынан жарақат алды",- дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайды аудан әкімі баяндады.

"Біз негізі Ноғайты ауылында іс-шара жасап жатырмыз. Ұландар слеті. Оған таңертең балалар автобуспен кетті. Жанында полиция бар. Одан кейін осы хабар келіп, шошып кеттім. Білімге жауапты адамдардан мән-жайды сұрадым. Біз ұйымдастырып жатқан шараға еш қатысы болмай шықты. Бес бала таксимен аудан орталығына келеді. Ауыл жақын. Шамамен 18 шақырым болады. Қарауылкелдідегі көше қиылысында екі көлік соқтығысып, бес баланы дәрігерлер қарады. Бәрі дін аман. Бір қыздың бұғанасы сынған. Содан жедел жәрдем қалаға алып кетеді. Аудандық білім бөлімінің басшысын қалаға жағдайын білуге жібердім. Бала дін аман, ауруханадан шықты", - дейді Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров.

Аудан әкімі балалардың жанында ата-аналардың болмағанын растайды. Аудан әкімінің айтуынша, оқушылар орталықтағы дүкеннен өздеріне қажетті киім-кешек алуға шыққан.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021417-aqtobe-oblysynda-oqusylar-mingen-kolik-zol-apatyna-tusti/

pixel