Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында кене шаққан тағы бір адам қайтыс болды

Жарияланған күні:

кене
Кене. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, Конго-Қырым қанды безгегінен қайтыс болған адам Шиелі ауданына қарасты Н.Бекежанов ауылының 32 жастағы тұрғыны. Бұл – өңірде аталған диагноздан көз жұмған үшінші адам.

"Жыл басынан облыс бойынша Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу күдігіне байланысты 29 жағдай тіркелді. Олардың арасынан 10-ы клиникалық-зертханалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды.

Атап айтқанда, Қармақшы, Сырдария аудандары мен облыс орталығында – 1, Жанақорғанда – 5, Шиеліде 2 дерек анықталды.

Былтыр 601 адам дәрігерлер қарауында болса, биыл олардың саны 712 адамды құрайды", – дейді облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында кене шаққан екі адамның, Түркістан облысында бір баланың қайтыс болғанын хабарлаған едік. Олардың барлығы Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырған.

Мамандардың сөзінше, кене шаққан баланың өліміне медициналық көмекке кеш жүгінуі себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2028131-qyzylorda-oblysynda-kene-saqqan-tagy-bir-adam-qaitys-boldy/