Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық дәрігер перманентті макияж денсаулыққа қалай әсер ететінін айтты

Опубликовано:

перманентті макияж
Перманентті макияж. Көрнекі фото: Рexels.com

Перманентті макияждың денсаулыққа әсері қандай? Бұл сауалға №4 қалалық емхананың дәрігері Ұлбосын Әміркенова жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кейбір адамдарда перманентті макияжда қолданылатын пигменттердің компоненттеріне аллергия болуы мүмкін, бұл терінің тітіркенуін немесе қабынуын тудыруы ықтимал", – дейді дәрігер.

Ұлбосын Әміркенованың айтуынша, егер процедура стерильді жағдайда жасалмаса немесе құралдар жеткілікті түрде зарарсыздандырылмаса, адам инфекция жұқтырып алуы әбден мүмкін.

"Перманентті макияжды өзгерту немесе өшіру қиын болуы мүмкін, сондықтан шешім қабылдамас бұрын мұқият ойланыңыз", – деп қосты маман.

Сондай-ақ дәрігер қанның ұюы, эпилепсия, онкологиялық аурулар, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, жүрек аурулары, жұқпалы аурулар, конъюнктивит, псориаз, қант диабеті, иммунитет тапшылығы болса татуаж жасауға болмайтынын және ұсынылмайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2029229-almatylyq-dariger-permanentti-makiyaz-densaulyqqa-qalai-aser-etetinin-aitty/

pixel