Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптап ыстықта желдеткіштің астында ұйықтауға бола ма: дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Желдеткіштің алдында отырған ер адам
Желдеткіш. Көрнекі фото: freepik / pressfoto

Ауа райы ыстық кезде желдеткішті түні бойы қосулы күйде қалдыруға бола ма? Бұл сұраққа Алматы қаласы №16 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Гаухар Қарабалаева жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Медицина қызметкерінің айтуынша, желдеткішті түні бойы қосып қою денсаулыққа қауіп төндірмейді, бірақ бірнеше факторларды ескеру қажет:

  • ауаның құрғауы: желдеткіштер ішкі ауаны құрғатуы мүмкін, бұл шырышты қабықтарды құрғатып, көз бен тамақты тітіркендіреді. Ауаны ылғалдандыру үшін дымқылдатқышты пайдалану керек немесе желдеткіштің жанына су құйылған ыдыс қойып қойған жөн;
  • жылудың жоғалуы: желдеткіштер ауаны жылжыту арқылы салқындату әсерін жасайды, бірақ шын мәнінде олар бөлмені салқындатпайды. Егер бөлмедегі ауа температурасы жоғары болса, желдеткіш тек одан сайын ыңғайсыздық тудыруы мүмкін;
  • желдеткіштің дыбысы: желдеткіштер шулы болғандықтан, кейбір адамдардың ұйқысын бұзуы мүмкін. Желдеткіштің шуы ұйқыңызға кедергі келтірсе, ауаны кондиционерлеу немесе төмен шуыл режимі сияқты үлгісін сатып алуға болады не т.б. салқындату әдістерін ойластырып көрген дұрыс;
  • аллергендер мен шаң-тозаң: желдеткіштер шаң мен аллергендерді бөлменің айналасына жылжытады, бұл аллергия немесе демікпесі бар адамдарға қиындық тудыруы мүмкін. Шаң мен аллергендердің болу қаупін азайту үшін желдеткішті жүйелі түрде тазалап, оған техникалық қызмет көрсетіп отырған абзал.

"Жалпы, түні бойы желдеткішті пайдалану денсаулыққа қауіпті емес, бірақ жоғарыда аталған факторларды ескеріп, оны ыңғайлы және қауіпсіз ұйқыны қамтамасыз ететіндей етіп реттеу ұсынылады", - деп қосты Гаухар Қарабалаева.

Бұған дейін Алматы қаласы №21 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Дарина Мырзабекова адамға бір тәулікте қанша қарбыз жеуге болатынын айтып бергені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2029778-aptap-ystyqta-zeldetkistin-astynda-uiyqtauga-bola-ma-dariger-zauap-berdi/

pixel