Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-дағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

Опубликовано:

Қағаз толтырып жатқан дәрігер
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pexels.com

Дәрігерлер БҚО-ның Аралтөбе ауылында тұрғын аңшы мылтығынан атып, жаралаған үш адамның жағдайын айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҚО полициясы Аралтөбе ауылында шаруа қожалығының басшысы мас күйде жанжалдасып қалған ауыл тұрғынына бірнеше рет аңшы мылтығынан оқ атып, салдарынан үш адамның зардап шеккенін хабарлаған еді.

Аңшы мылтығынан жараланғандар арасында 34 жастағы ер адам және 59 жастағы әйел мен немересі бар.

Телеарнаның медицина қызметкерлерінің мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, бұл жайттан зардап шеккен екі жасар қыз бала аудандық ауруханадан облыс орталығына жеткізілген. Бытыра оның сол жақ санына тиген. Сәбидің өмірі еш қауіп төніп тұрған жоқ, десе де ол біраз уақыт медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылуында болады.

Сондай-ақ зардап шеккен тағы екі тұрғынның жағдайы белгілі болды.

"1964 жылғы әйел де сол жақ санынан жарақат алған, қазір ол ауруханада жатыр, жағдайы қалыпты. Үшіншісі – 1989 жылғы ер адам, оның миы шайқалған, денесінде де жарақаттар бар. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартып, қазір амбулаторлық ем алуда", – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының медициналық қызметті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айгүл Құлбарақова.

Телеарна мәліметінше, шаруа қожалығының басшысы мас күйінде екінші ауыл тұрғынымен жанжалдасып жатқанда әжесі мен немересі сол маңда жүрген.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2035602-bqo-dagy-atys-medicina-qyzmetkerleri-zardap-sekkenderdin-zagdaiyn-aitty/

pixel