Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 2 жасқа толмаған баланың тік ішегінде клизма жасайтын түтіктің ұшы қалып қойған

Опубликовано:

ана мен бала
Ана мен баланың қолы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбедегі балалар ауруханасында келеңсіз жағдай тіркелді. Мейірбике ауруханада ем алып жатқан бүлдіршінге клизма жасаған сәтте түтіктің қалпақшасы тік ішекке кіріп кеткен. Бала сол күйі үйіне жіберілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға әлеуметтік желіде жария болды.

Оқиғаға қатысты портал тілшісі облыстық балалар ауруханасының бас дәрігеріне сауал жолдады. Бас дәрігердің сөзінше, қалпақша баланың үлкен дәретімен шыққан, қазір өміріне қауіп жоқ. Ал қателік жіберген мейірбике қайта оқуға жіберілді.

"Мейірбике бізде екі айдан бері жұмыс істеп жатыр. Жас маман. Мынадай оқиға болған соң тексеру жүрді. Бала екі жасқа толмаған. Клизма жасаған кезде түтікшенің қалпақшасы кіріп кеткен. Қорқып, ешкімге айтпаған. Тексеріп, анықталды. Бала үшін қауіпті емес. Үлкен дәретімен шықты. Анасы бізге қалпақшаны алып келді. Қазір бала үйде. Ешқандай шағым жоқ", - дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.

Белгілі болғандай, бүлдіршін оқиға болған кезде уланудан ем алу үшін ауруханада жатқан.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2036576-aqtobede-2-zasqa-tolmagan-balanyn-tik-iseginde-klizma-zasaityn-tutiktin-usy-qalyp-qoigan/

pixel