Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада баспалдақтан құлаған оқушының жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Науқастың диагнозы
Бас сүйектің рентгені. Көрнекі фото: pexels.com

Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мектепте баспалдақтан құлаған баланың жағдайы қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, 18 қыркүйекте 103 пультіне хабарлама келіп түскен. Науқас көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.

"Науқас қабылданған кезде оны барлық маман тексерді. Қазіргі таңда мамандандырылған нейрохирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Жалпы жағдайы орташа ауырлық, динамикасы жақсарған. Бас-ми жарақаты бойынша хаттамаға сәйкес ем қабылдауда. Қазіргі уақытта хирургиялық емдеуді қажет етпейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық мектептердің бірінде оқитын оқушының баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2038003-astanada-baspaldaqtan-qulagan-oqusynyn-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel