jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустың Эрис штамы анықталғанын мәлімдеді

    Зертхана
    Коронавирус. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы – Эрис анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ажар Ғинияттың сөзінше, Қазақстанда коронавирустың қандай штамдары бар екенін анықтау үшін ай сайын зерттеулер жүргізіледі. Соңғы зерттеулер елімізде жаңа штамм таралғанын көрсеткен.

    "Біз елде жаңа штамм таралып жатыр ма, жоқ па, вирустың түрі өзгерді ме, соны білу үшін ай сайын коронавирусқа генетикалық талдау жасаймыз. Соңғы генетикалық зерттеулер елімізде Эрис штамының таралғанын көрсетті.

    Вирус мутацияға ұшырайды және оның әр түрлі штамдары пайда болып жатады. Егер өткен айда бізде мұндай түрі (коронавирус ред.) жоқ деп айтсақ, енді зерттеулер нәтижесінен кейін оның елімізде таралғанын байқап отырмыз", - дейді Ажар Ғиният.

    Естеріңізге сала кетейік, Эрис штамы әлемде биылғы жылдың тамыз айында тарала бастаған еді. Дегенмен ДДСҰ штамның адам денсаулығына аса қауіп төндірмейтінін мәлімдеген болатын. Ғалымдардың айтуынша, Эрис Омикрон штамының қосалқы түрі.

    Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустың Эрис штамы анықталғанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.