Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда онкологиялық дертке шалдыққандар саны жыл сайын 4 пайызға артуда

Опубликовано:

Медициналық қызметкер
Медициналық қызметкер. Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде 13 мыңнан астам адам онкологиялық дерттен көз жұмады. Қазіргі таңда 205 мыңнан астам қазақстандық есепте тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Телеарнаның хабарлауынша, елде қатерлі ісік аурулары өршіп барады. Қазақстанда онкологиялық дертке шалдыққандар саны жыл сайын 4 пайызға артады. Мәселен, тек былтырдың өзінде 39 мыңнан аса адам обырға душар болыпты. Аталған ауру еліміздегі өлімнің негізгі себептерінің арасында екінші орынға шығыпты.

Әсіресе Ақтөбе, Ақмола, Маңғыстау, Қызылордада аталған ауру көп таралған. Алматылық дәрігер Дмитрий Раевскийдің сөзінше, аты жаман ауруды жеңудің бір тәсілі - түпсанамен күресу.

"Біз онкологиялық ауруларды жеңілдету, сауығу үшін басты назарды түпсанаға аударамыз. Жалпы кез келген ауруларды емдеуде мимен жұмыс істеудің маңызы зор. Адамның ойы тыныш болғанда иммунитеті жақсара бастайды. Сол кезде ауруды оңай жеңуге болады. Миды жаман ойлардан тазаламасақ, онда аурумен дәрі арқылы күресу бекер. Жалпы бұл жаңалық емес. Бұл әдісті АҚШ-та кеңінен қолданады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2041317-qazaqstanda-onkologiyalyq-dertke-saldyqqandar-sany-zyl-saiyn-4-paiyzga-artuda/

pixel