Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда пышақ жарақатын алған қыздың жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорғанда бұрынғы жігіті шабуыл жасап, пышақ жарақатын салғанын айтқан қыздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform. 

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенген агенттіктің хабарлауынша, жәбірленуші мойын тұсынан пышақ жарақатын алған.

"Науқас жедел жәрдем бригадасымен Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Аурухананың қабылдау бөлімінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді, яғни мойынның кесілген жарасына, сол жақ білектің кесілген жарасына алғашқы хирургиялық зарасыздандыру жүргізілді. Науқас шок алғандықтан, ауруханаға жатудан бас тартты", - деп хабарлады басқармадан.

31 қазанда бойжеткен мойын жарасы аймағындағы ауырсыну, бас ауруы, бетінің жансыздану сезіміне, мойынның ісінуі және жалпы әлсіздік шағымымен дәрігерлерге қайта жүгінген.

"Аурухана дәрігерлері науқасты шұғыл қабылдап, тексерді. Мойын тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы және мидың компьютерлік томографиясы жасалды. Медициналық тексерістерден кейін науқасқа келесі диагноздар қойылды: жарақаттан кейінгі париетальды, оң жақтағы ішкі мойын тамырының неокклюзиялық тромбозы, жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, терісінің жұмсақ тіндерінің көгеруі. Науқас шұғыл түрде хирургиялық бөлімге жатқызылды", - деп хабарда етті ведомстводан.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастың жағдайы орташа, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Науқас дәрігерлердің бақылауында, емді ДСМ клиникалық хаттамасына сәйкес алып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін талдықорғандық бойжеткен бұрынғы жігіті шабуыл жасап, мойнынан осып жібергенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2044093-moiyn-tusynan-pysaq-zaraqatyn-algan-taldyqorganda-buryngy-zigiti-sabuyl-zasaganyn-aitqan-qyzdyn-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel