Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Ажар Ғиният
Ажар Ғиният. Фото: t.me/mazhilis_kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға үндеу жасап, ел тұрғындарын және балаларды қызылша ауруына қарсы екпе алуға шақырды, деп хабарлайды үкімет Telegram-дағы ресми арнасында.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің көптеген елінде қызылша ауруына қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр.

Министр соңғы екі айда елімізде сырқаттанушылар саны күрт өскенін, биыл 13 мыңнан астам адам қызылша ауруын жұқтырғанын мәлімдеді. Оның мәліметінше, ауру жұқтырғандардың 83 пайызы балалар, негізінен 5 жасқа дейінгілер. Олардың 70 пайызы екпе алмаған. Науқастардың арасында екпе алмаған ересектер де бар.

Инфекцияның таралуының артуы салдарынан Қазақстанда қосымша жаппай екпе алуды жүргізу туралы шешім қабылданған. Министр екпе алу қаңтар айының соңына дейін жалғасатынын, елімізде вакцина жеткілікті екенін айтты.

"Баршаңызды аурудан сақтану үшін емханаға шақырамыз", - деді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, қауіпті инфекциядан құтылудың жалғыз жолы екпе алу.

"Бүгінгі таңда қызылша вирусының өзіне тән емі жоқ, сондықтан мұндай қауіпті инфекциядан құтылудың жалғыз жолы екпе егу болып отыр. Вакцинаның өзінен қорықпау керек, ол тексерілген. Біз оны жыл сайын ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қолданамыз", - дейді Ажар Ғиният.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2044837-densaulyq-saqtau-ministri-azar-giniyat-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel