Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада сібір жарасын жұқтырған адам анықталды

Опубликовано:

Зертхана
Қан сынамаларын тексеру. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада сібір жарасын жұқтыру фактісі тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап Kazinform агенттігі хабарлады.

Министрлік ақпаратына сілтеме жасаған агенттік мәліметінше, 2023 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша, елімізде сібір жарасын жұқтырудың 38 жағдайы тіркелген.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында – 19, Ақмола облысында– 15, Қарағанды облысында – 3, Астанада – 1 (сырттан келген, ауру белгілерінсіз жағдай) тіркелген.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысындағы бір жағдай кісі өлімімен аяқталған.

Ведомство мәліметінше, сібір жарасын жұқтырудың соңғы деректері 24 қарашада Қарағанды облысында тіркелген.

Ауру жұқтырған науқаспен 31 адам байланыста болған. Қазір олардың бәріне бекітілген медициналық бақылау мерзімі аяқталған. Яғни, байланыста болған адамдардан сібір жарасының белгілері анықталмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2045643-elordada-sibir-zarasyn-zuqtyrgan-adam-anyqtaldy/

pixel