Түркістан облысында мектеп оқушылары мен мұғалімдер жаппай иіс тиіп, уланған
Жарияланған күні:
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мектепте мұғалімдер мен оқушылар иістеніп қалды. Қазір аталған жайға байланысты құзырлы органдар тексеру жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
5 ақпанда №9 мектепте оқушылар мен мұғалімдер өзін жайсыз сезіне бастаған. Мектеп медбикесі жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметі мектептен 29 оқушы мен 10 мұғалімді медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға алып кеткен.
Өзін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілген барлық баланы дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне қайтарған. Он мұғалімнің сегізі де ақ халаттылардың бақылауынан соң үйіне жіберілген. Қалған 2 ұстаз ауруханада ем алып жатыр.
"Басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы өз бақылауына алып, Сарыағаш ауданындағы жағдайға байланысты арнайы іссапармен келді. Мектеп ұжымы мен ата-аналармен кездесіп, екі жақтың уәжін тыңдады. Оқушылар алдағы 3 күнде қашықтан (онлайн) білім алатыны туралы шешім қабылданды. Оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі қатаң бақылауда.
Аудандық прокуратура шағым негізінде тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесіне сәйкес, мектеп директорына және жауапты орынбасарларына тиісті шара қабылданады",- деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2059264-turkistan-oblysynda-mektep-oqusylary-men-mugalimder-zappai-ulanyp-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.