Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында қарақұрт шаққан алты адам жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

Қарақұрт
Қарақұрт. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысының Индер ауданы Есбол ауылында және Исатай ауданында алты адамды қарақұрт шаққан. Салдарынан оларға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жәндіктердің шабуылы облыстың құмды аймақтарында, яғни, Индер, Исатай және Құрманғазы аудандарында байқалады.

Жәндіктің уынан тоғыз адам облыстық ауруханада емделіп жатыр, оның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үшеуі екпе алған.

Үш бала балалар ауруханасына жеткізілген, екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды, тағы біреуі қарақұрт уын жеңіл өткерген.

Сондай-ақ облыста осы уақытқа дейін қарақұрттан 397 түйе зардап шекті. Оның 217-сі симптоматикалық емнің арқасында аман қалды. Барлық жануарлардан, оның ішінде өлген малдардан сынамалар алынып, ветеринариялық зертханаға жіберілді.

"Айта кету керек, мұндай жаңдайда малдың иесіне облыстық бюджеттен өтемақы берілмейді. Соған қарамастан, жергілікті мал дәрігерлері ауру төрт түлікті емдеп жатыр. Ауыл тұрғындарына қарақұрттар жиі кездесетін жерлерге малдарын шығармауға кеңес береміз. Ал қарақұрт шаққаннан кейін шұғыл емді бастау керек екенін есте ұстаған жөн", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Еске салсақ бұған дейін Атырау облысында қарақұрттан 10 адамның зардап шеккенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2131767-atyrau-oblysynda-qaraqurt-shaqqan-alty-adam-zhansaqtau-bolimine-tusti/