10 адам зардап шеккен: Атырау облысында қарақұрт қаптады
Жарияланған күні:
Атырау облысының Индер ауданында қарақұрт қаптады. Жәндіктер 10 адамды шаққан, оның 2-уі бала, деп хабарлайды Qazaqstan аранасының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Телеарна хабарына қарағанда, зиянкестің саладыран 87 түйенің 8-і, 9 жылқының 5-уі өлген. Қарақұрт осы ауданға қарасты барлық округтің жайылымдық жерлерінде кездеседі екен. Сондықтан жауапты мамандар шаруаларға бақылауды күшейтуді тапсырған.
Сондай-ақ тұрғындарға қарақұрт шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек екені ескертілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126931-10-adam-zardap-shekken-atyrau-oblysynda-qaraqurt-qaptady/