"4 жыл өтті": коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын ДДCҰ неліктен әлі тіркемеген
Жарияланған күні:
Читать на русскомМинистрлер кабинетінде өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсалық сақтау ұйымы неліктен әлі тіркемегені жөнінде сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"ДДҰ өтінішті қарады, бірақ оны растау және тіркеу үшін қосымша шарттар қажет болды. Қазір бұл жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселе күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл жұмысты соңына дейін жеткіземіз деп ойлаймын", - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Министр сол кезде коронавирус вакцинасының қажет көлемі қолданылғанын айтты. "Қазақстандық вакцинаны тіркеу бойынша жұмысты жалғастыру қаншалықты өзекті?" деген сұраққа министр былай деп жауап берді:
"Коронавирус әлі тарап жатыр, пандемия кезінде таралған штамдар да бар, тіркелген. Бізде вакцина бар. Оны тіркеу... Менің ойымша, бұл мәселені соңына дейін жеткізу керек"
Атқарылған жұмысты болашақта вакциналардың жаңа түрлеріне пайдалануға болады. Менің ойымша, нақты мына уақыт соңғы мерзім деп белгіленген жоқ. Бұл біршама ұзақ процесс, бірақ жұмыс жүріп жатыр", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова "ведомство басқарғанына өкіне ме?" деген сұраққа жауап берген болатын.
Сонымен қатар министр Ақмарал Әлназарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анализдерінде жемқорлық тәуекелдері көп деп танылған "СҚ-Фармацияны" жабуға қатысты пікір білдірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2138709-4-zhyl-otti-koronavirusqa-qarsy-qazvac-vaktsinasyn-nelikten-ddu-ali-tirkemegen/