Маңғыстау облысында тағы 16 оқушы дәрігер көмегіне жүгінген: мамандар олардың жағдайын айтты
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысында Бейнеу ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 16 оқушысы уланып қалып, жедел жәрдемге жүгінген. Бұл туралы өңірлік Lada.kz басылымы хабарлады.
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері балалардың жағдайын айтқан.
"12 қыркүйек күні сағат 18:34 шамасында Бейнеу ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 16 оқушысы іштің ауыруымен аудандық жедел жәрдем бөліміне жүгінді.
Қабылдау бөлімінде ол ауызша регидратация және инфузиялық терапия жүргізді. Сағат 21.43-те. 16 бала үйлеріне қайтты. Оқушылардың денсаулық жағдайы тұрақты. Бүгін барлығы мектепке барды", - деп хабарлады басқарма өкілдері.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мектептен тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, сараптамаға жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін осы облыстың Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы мектептердің бірінде жалпы 460 бала уланғанын хабарлаған едік. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында балалардың жаппай улануына қатысты пікір білдірген еді.
Кейіннен уланған оқушылар саны 140 адамнан асқанын олардың 82-сі емханада емделіп жатқанын хабарладық.
9 қыркүйекте үкімет балалардың жаппай улануына қатысты жағдайды бақылауына алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2161005-manggystau-oblysynda-tagy-da-16-oqushy-ulanyp-qaldy-darigerler-olardyng-zhagdaiyn-aitty/