Қазақстанда жедел жәрдем жұмысына өзгерістер енгізілуі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русскомДенсаулық сақтау министрлігі шұғыл медициналық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулы жобасын әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізу жобасына түсіндірме жазбасына сәйкес, өзгеріс енгізудегі мақсат Қазақстан Республикасының жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиациясы қағидаларына қойылатын талаптарды белгілеу екені айтылған.
Құжатқа сәйкес, МСАК ұйымының мобильдік бригадасы қызмет көрсетуге жататын жеделдіктің 4 (төрт) санатына және шақыруға бөлінеді:
- жеделдіктің бірінші санатындағы шақыру – шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін, өмірге тікелей қатер төндіретін пациенттің жай-күйі;
- жеделдіктің екінші санатындағы шақыру – медициналық көмек көрсетусіз өмірге ықтимал қатер төндіретін пациенттің жай-күйі;
- жеделдіктің үшінші санатындағы шақыру – медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа ықтимал қатер төндіретін пациенттің жай-күйі;
- жеделдіктің төртінші санатындағы шақыру – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған пациенттің жай-күйі.
Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың пациенттің орналасқан жеріне дейін ЖМКК диспетчерінен шақырту алған сәттен бастап келу уақыты:
- 1 шұғылдық санаты – он минутқа дейін;
- 2 шұғылдық санаты – он бес минутқа дейін;
- 3 шұғылдық санаты – отыз минутқа дейін;
- 4 шұғылдық санаты – алпыс минутқа дейін;
"Шұғылдықтың 4-санатына шақыртулар келіп түскен кезде ЖМК станциясының диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (МСАК ұйымдары) мобильді бригадаларына олардың жұмыс уақытында (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін) береді.
МСАК ұйымына қайта жіберілуге жататын шақыруларды тіркеу жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін іске асырылады", - делінген құжатта.
Бұл өзгерісті Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері қазіргі тариф МСАК ұйымдастыру кезінде ЖМК бөлімшесінің барлық шығыстарын толық жабуды қамтамасыз етпейтіндігімен түсіндіреді.
"Қаржыландырудың жеткіліксіздігі нәтижесінде тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстаудың тиімсіздігі байқалады, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі", - делінген қаулы жобасына берілген түсіндірмеде.
Бұған қоса, мобильді бригаданың қоңырауларға қызмет көрсету уақыты ұлғаяды, өйткені мобильді бригадаларда қайта бағыттаудан басқа тіркелген халықтың үйіне қоңыраулар бар.
Құжат жобасы 8 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2165833-qazaqstanda-zhedel-zhardem-zhumysyna-ozgerister-engizilui-mumkin/