Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорқыныш пен күйзеліс: невроз қайдан пайда болады және оны қалай жеңеміз

Жарияланған күні:

Күйзеліске түскен ер адам. Көрнекі сурет
Күйзеліске түскен ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сізді үнемі ой мазалап, алаңдаушылық жаныңызды қинаса - ол ашудың, ғылым тілімен айтқанда невроздың белгісі болуы мүмкін. Аталған олқылықтың алдын алу үшін психотерапия, медикаменттер мен өмір салтын өзгерту сынды тәсілдерді қолға алуға тура келеді. Толығырақ бүгінгі материалдан білетін боласыздар.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Невроз - адамның психикасына кері әсер ететін күйзеліс, қорқыныш, алаңдаушылық сияқты жағымсыз эмоциялардың жиынтығы екені айтылады.
  • Невроздың басты белгілері - бас ауруы, шамадан тыс алаңдаушылық, физикалық белгілер және бейімделмеген іс-әрекет екенін психиатр Кетан Пармар атап өтеді.
  • Невроздан арылу үшін психотерапия, дәрі-дәрмек қабылдау және өмір салтын өзгерту сияқты кешенді емдеу әдістері қолданылатыны туралы айтылады.

Невроз — адамды күйзеліске түсіретін жағымсыз эмоциялардың жиынтығы

Невроз дегеніміз не? Невроз — психикаға залал келтірген көптеген хроникалық және өзекті факторлардың салдарынан болатын, жүйке жүйесі мен психикалық ауытқушылықтар тобының жалпы атауы. "Невроз" терминіне жататын психикалық денсаулықтың кей түрлеріне күйзеліс, қорқыныш, алаңдаушылық, мазасыздық және т.б. күйлер жатады.

The Vessel-дің шабыт беру бойынша тәлімгері, психолог Тиффани Макги NUR.KZ-ке төмендегідей эксклюзивті пікірін білдірді:

Невроз — бұл созылмалы алаңдаушылық, ол эмоционалды күйзеліспен сипатталады және адам өміріне өзінің кері әсерін тигізбесе де, оған жайсыздық туғызатын күй. Ол - адамға тікелей әсер етпесе де, оның эмоционалдық көңіл-күйіне тікелей әсер етеді.
Күйзеліске ұшыраған жігіт. Көрнекі сурет
Күйзеліске ұшыраған жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бір қызығы, клиникалық диагностикада аталған термин қазіргі таңда қолданылмайды екен, ол тек адамның тұлғалық сипаты ретінде ғана көрсетілетін көрінеді.

Невроздың басты белгілері - бас ауруы мен алаңдаушылық

ClinicSpots психиатры, медицина ғылымдарының докторы Кетан Пармар NUR.KZ-ке невроздың басты белгілерін атады:

1. Шамадан тыс алаңдаушылық пен күйзеліс. Ол адамның күнделікті өмірін қиындатып, алаңдаушылық пен қорқыныш түрінде көрінуі мүмкін.
2. Бейімделмеген іс-әрекет. Бойындағы алаңды жеңу үшін, адамдар қиын жағдайларды айналып өтемін деп, бұдан басқа да қиындықтарға тап болуы мүмкін.
3. Физикалық белгілер. Невротикалық ауытқушылықтары бар адамдар, қандай да бір медициналық себепсіз бас ауруы, ас қорыту жүйесіндегі ауытқушылықтар, үнемі шаршап жүру сияқты белгілермен бетпе бет келуі мүмкін.

Асқынған неврозды қалай байқауға болады? Невроздың асқынған түрі паникалық шабуыл, тыныс алудағы ауытқу, ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер, шамадан тыс терлеу немесе тоңу сияқты белгілермен байқалуы мүмкін.

Ол шамадан тыс күйзеліс немесе психологиялық жарақаттан кейін пайда болады.

Адам мұндай күйге балалық шақтағы психологиялық жарақат немесе көп уақыт бойы кұйзелісте болуының салдарынан түсуі мүмкін. Бұл туралы психолог Тиффани Макги былай дейді:

Әдетте невроз көп уақыт бойғы күйзелістен кейін, бала күнде алған психикалық жарақаттан немесе адам өміріндегі қандай да бір қиындықтардан кейін пайда болады. Менің тәжірибем бойынша, ол эмоцияларды басу және қанағаттандырылмаған қажеттіліктердің салдарынан пайда болады. Уақыт өте келе ол адамды алаңдаушылық пен түрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін.

Психолог осы арқылы адам өзін үнемі қайталанатын алаңдаушылық күй мен қорқыныш сезіміне әкеледі дейді.

Теңіз жағасында отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Теңіз жағасында отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Healthline медициналық басылымы невроз обессивті-компульсивті және нарцисстік ауытқушылық, күйзеліс, ас қорыту жүйесінің тітіркенуі сынды түрлі психикалық ауытқушылықтарға әкеп соқтыруы мүмкін екен.

Невроздың бірнеше түрлері бар

Medical News Today медициналық басылымының хабарлауынша, невроздың бірнеше түрлері бар екен:

  • Мазасыздық. Ол адамның бойында шамадан көп мазасыздық пен алаңдаушылық, паникалық шабуыл және тремор мен терлеу сияқты физикалық белгілермен байқалуы мүмкін.
  • Күйзеліске түсу. Күйзеліске түскен адамның үнемі көңіл күйі болмай, бұған дейін қызығушылық танытатын заттарынан бас тартуы мүмкін.
  • Обсессивті-компульсивті. Үнемі бір іс-әрекетті қайталап, оны басқа адамдарға үндеу сияқты белгілерден тұрады. Адам осы әрекеттерін қайталай бергеннен әрі оны жүзеге асыра алмағандықтан да күйзеліске түсуі мүмкін.
  • Әскери немесе жарақаттан кейінгі ауытқу. Невроздың бұл түрі күйзеліс пен күнделікті өмірде өмір сүре алмау сияқты белгілермен сипатталады.
  • Астеникалық (ілеспелі). Невроздың мұндай түріне шамадан тыс күйзелу мен шаршау тән.

Мамандар, сол сияқты көңіл-күйдің жиі ауытқуы сынды түрін де айқындаған. Аурудың бұл түрінде науқас үнемі ескі естеліктермен өмір сүріп, алдағы болашағына деген қорқынышпен күй кешеді.

Невроз өзінің күрделілігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді

Невроздан қалай арылуға болады? Невроз — психикаға түскен жарақатты емдеу арқылы жазылатын дерт. WebMD медициналық басылымының хабарлауынша, егер неврозды уақтылы емдемесе, ол денсаулыққа зиян келтіреді екен. Мысалы, неврозға шалдыққан адамдардың инсультке шалдығу, нейродегенеративтік ауруларға шалдығу, жүрек-қан тамырлары онко ауруларға шалдығу көрсеткіші 15%-ға жоғары екен. Невротикалық ауытқушылықтарды деңгейіне қарай бірнеше түрге бөледі:

  • I деңгей (невротикалық реакция). Психикаға әсер еткен күрделі жарақаттан кейін бірден пайда болады және бір айға дейін созылады.
  • II деңгей (невротикалық күй). Ауытқушылықтар бір айдан астам уақытқа созылады және адамның сыртқы іс-әрекеті өзгереді.
  • III деңгей (адамның невротикалық өзгеруі). Невротикалық ауытқу созылмалы күйге ауысады.

Егер невроз алғашқы екі кезеңде болса, одан емдеудің ішкі және сыртқы факторлары арқылы арылуға болады. Айта кетерлігі, ауруды уақтылы емдемесе, ол созылмалы күйге жетеді.

Неврозды кешенді түрде емдеу қажет

Неврозды қалай емдейміз? Невротикалық жағдайдан арылу үшін, психотерапия, медикаментозды немесе өмір салтын өзгерту сынды тәсілдерді таңдаса болады. Алаңдаушылық және күйзеліске түсу белгілерінен арылу үшін төмендегі әдістерді пайдаланамыз:

  • Когнитивті-өзін-өзі ұстау әдісі. Негативті ойлаудан арылып, позивтивті ойлауға мүмкіндік береді.
  • Психодинамикалық терапия. Бұрынғы оқиғалардан сабақ ала отырып, жаңа әдісті енгізу тәсілі болып табылады.

Егер аталған тәсілдер жеткіліксіз болса, дәрігерлер сіздерге антидепрессанттар, нейролептиктер немесе мазасыздыққа қарсы препараттарды тағайындап береді. Сонымен бірге, күйзеліс пен алаңдаушылық аз да болса бәсеңсіп, адамдар үнемі физикалық жаттығу жасау, дұрыс тамақтану, уақтылы ұйықтау және күйзелісті басқару техникасын игеріп, невроздан біржола арыла алады.

Кітап оқып отырған ару. Көрнекі сурет
Кітап оқып отырған ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Невроз — түрлі психикалық ауытқушылықтары білінетін невротикалық аурулар тобының жалпы атауы. Егер сізде жоғарыда аталған белгілер білінсе, онда дереу мамандар көмегіне жүгініңіз. Емдеусіз невроз созылмалы күйге ауысып, кейде тіпті өлімге де әкеп соқтыруы мүмкін.

Назар аурадырыңыз! Материал танымдық мақсатта жазылды. Дәрігердің кеңесінсіз жоғарыда аталған тәсілдерге жүгінбеңіз.

Дереккөздер:

  1. Adam Felman. Neuroses and neuroticism: What's the difference?// Medical News Today. — 2018. — January 9. — Қолжетімділік режимі: https://www.medicalnewstoday.com/articles/246608
  2. Marta Zaraska. Neuroticism Isn’t Funny and May Impact Your Health // WebMD. — 2024. — January 22. — Қолжетімділік режимі: https://www.webmd.com/mental-health/news/20240122/neuroticism-impact-on-health-what-to-know
  3. Rayne Whitington. Understanding Neurosis vs. Psychosis // Healthline. — 2022. — October 26. — Қолжетімділік режимі: https://www.healthline.com/health/mental-health/neurosis-vs-psychosis

Рецензент — жоғары санатты дәрігер Михайленко Людмила Анатольевна.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2170594-qorqynysh-pen-kuizelis-nevroz-qaidan-paida-bolady-zhane-ony-qalai-zhengemiz/