Orhun Medical сүт безінің қатерлі ісігімен күрес күніне орай ашық есік күнін өткізді
Жарияланған күні:

18 қазан күні Алматыда Orhun Medical медицина орталығы сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күніне орай әлеуметтік осал топтағы әйелдерді тегін тексерді. Шарада 50-ден аса қыз-келіншек ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, маммография жасатты. Одан бөлек, әйелдер онколог пен маммолог мамандардың кеңесін тыңдады.
Orhun Medical компаниясы ұйымдастырған ашық есік күніне тегін тексеруден өткісі келетін қыз-келіншектер шақырылды. Одан бөлек, шараға "Аналар үйіндегі" нәзік жандылар да қатысты. Жоба мақсаты – сүт бездерін үнемі тексерудің маңыздылығы туралы ақпарат ұсыну, халықаралық мамандардан кеңес алуға мүмкіндік беру.

Ашық есік күнінде нәзік жандыларға онколог-маммолог Алиева Эльмира Кушалиевна, профессор-онколог, томотерапия бөлімінің меңгерушісі Джем Парлак және медициналық онколог, PhD MD, дәрігер Джавид Гасанзаде қызмет етті.

Шара барысында онколог-маммолог Алиева Эльмира Кушалиевна сөз алып, қыз-келіншектерді денсаулығына мән беруге шақырды.
"Бүгін Orhun Medical компаниясы "Қызғылт қазан" шарасын ұйымдастырып отырмыз. Осы жобаның аясында "Аналар үйіндегі" жасы 20-дан асқан қыз-келіншектерді тексердік. Оларға неге ерекше көңіл бөлдік? Өйткені олардың онсыз да отбасылық өмірі қиын, бұл келіншектер тек қана бала тәрбиелеп отырған жоқ. Сол себепті өз денсаулығына да аса мән бермейді", - деді ол.

Жиын соңында Orhun Medical өкілдері қыз-келіншектерге фуршет ұйымдастырып, сыйлықтар таратты. Ал қатысушылар компания ұжымы мен дәрігерлерге алғыс айтты.

Айта кетейік, Orhun Medical – жоғары сапалы медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынатын Қазақстандағы медициналық орталықтардың жетекші желісі. Компания озық технологияларды, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін пайдалана отырып, медициналық көмектің ең жоғары стандартын қамтамасыз етеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2177132-orhun-medical-sut-bezining-qaterli-isigimen-kures-kunine-orai-ashyq-esik-kunin-otkizdi/