Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қатты жел салдарынан қанша адам зардап шеккені белгілі болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Аурухана іші
Аурухана іші. Көрнекі фото: gov.kz

Астанада ауа райының қолайсыздығы, екпінді жел мен қарлы боран тұрғындарды әбігерге салды. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері зардап шеккендер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2024 жылғы 6 қарашада елорданың травматологиялық пункттеріне көшеде жарақат алған 140-тан астам адам түсті, олардың 30-дан астамы – балалар", - делінген елордалық ведомство хабарламасында.

Бұл ретте ведомство өкілдері ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада травматологиялық орталықтарға шақыртулар санының көбеймегенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін қатты жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз қалғанын жазған едік.

Сондай-ақ Астана әуежайында ауа райына байланысты рейстер тағы да кешіктірілгені мәлім болды.

Ауа райына байланысты 7 қарашада Астанада мектеп оқушылары да қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2184483-astanada-qatty-zhel-saldarynan-qansha-adam-zardap-shekkeni-belgili-boldy/